ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Көлік қызметкерлері күні

23:06, 30 шілде 2021

Тамыз айының алғашқы жексенбісінде елімізде көлік жүргізушілер күні атап өтіледі. Мереке қарсаңында бүгін үздік көлік жүргізушілер арнайы марапатқа ие болды.

Ел мен елді жалғастырып, алысты жақын етіп отырған көлік саласының халық шаруашылығы үшін маңызы зор. Көлік логистикасы — экономиканың күретамыры.  Жылдар бойы көлік саласында жүрген азаматтардың еңбегін елеп ескермеу мүмкін емес. Мәселен, Қазбек Қасымұлы жарты ғасырға жуық уақыт бойы осы теміржол саласында тапжылмай еңбек етіп келеді.

Казбек Нұрпейісов, «Ақсу-1» ауысым бекетінің басшысы:

9 жыл бойы машинистің көмекшісі болдым. 20 машинист болды. 12 ақсуда ауысым пунктінің басшысы. 41 жыл бой осындай істеймін.

Кәсіби мереке қарсаңында ол ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің атынан «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталды.

Ал, трамвай саласында 36 жыл істеген Валентина Талуева осы салаға келгеніне еш өкінбейді. Көлікті таңдамай ескісінде де жаңасын да жүрдім дейді. Бүгін ол министрлік атынан «Құрметті автокөлікші» марапатына ие болды.

Валентина Талуева, трамвай жүргізушісі:

Әрине өз жұмысымды жақсы көремін. Мен ескі және жаңа трамвайларда жүре беремін.  Кей кездерде қиын болса да, осы салаған келгеніме өкінген жоқпын.

Қазіргі таңда ірі шаһарларда темір тұлпарлардың көп болуына байланысты қозғалысты қадағалау, бақылау оңай емес. Осы ретте патрульді полицияның қызметі маңызды.

Митхат Жылқыбаев, патрульді полиция батальоны қызметінің инспекторы:

Менің ойымша көлік тізгіндеген кез келген жүргізуші жол жүру ережелерін біліп бағынуы тиіс. Себебі жұмыс болса, жай жүргізуші болсын олар қозғалыс қатысушысы.Заңға бағыну керек.

Иә, Жүргізушілердің жол үстінде көзге оңай көрінетін, бірақ аса қырағылықты талап ететін жұмысы өте қиын. Өйткені олар өзінің ғана емес өзгенің өміріне де жауапты.

 

Самал Қалиқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының әлеуеті
02:04, 17 қыркүйек 2021
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының әлеуеті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...