ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Қола дәуірінің қабірін бұзып кеткен

18:51, 15 маусым 2021

Туристер Баянауылдағы қола дәуірінің қабірін бұзып кеткен. Әлеуметтік желілерде Кемпіртас маңындағы көне молалардың бұзылғаны туралы ақпарат жарияланды. Мәдени мұраға зиян келтіргендер іздестіріліп жатыр. Тергеуге дейінгі тексеріс басталды.

Бұл бейнені туристерді экскурсияға апарған Марина Кәрімова түсірген.  Сөзінше, Кемпіртас тауының маңындағы қола дәуірінен сыр шертетін қабірді біреулер келіп бұзып кеткен.

Марина Кәрімова, ҚР еңбек сіңірген туризм инструкторы:

Сенбі 12 маусымда экскурсияға келсек, тастардың шашылып, қабір бұзылғанын көрдік. Мен ол жерге туристерді жиі апарамын, сондықтан ненің қалай жатқанын білемін. Ғасырлық тастарды тепкені, орнынан қозғалтқаны көрінеді. Экскурсия кезінде мұндайды істеу мүмкін емес, демек, адамдар бұған арнайы машинаға мініп келген. Мүмкін білмей жасаған шығар.

Аумақтың қабір екені жайлы бір ғана белгі бар. Арнайы қоршауы жоқ, сол себептен де келеңсіздік орны алуы мүмкін. 3,5 мың жылдық тарихы бар бұл молалар 20-ғасырдың 80-жылдары табылды. Мәдени мұраға зиян келтірген тұлғалар заң жүзінде жауап тартылады.

Жанар Белялова, ПД баспасөз хатшысы:

Аталмыш факт Баянауыл ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Тергеуге дейін тексеріс жүргізіліп жатыр. Тергеу жедел тобы жергілікті атқарушы органмен оқиға орнына барды. Оқиғаның себеп салдары анықталып жатыр.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері тарих және мәдениет ескерткіштерін бұзғандар әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді

 

 

Қуандық Танабас

Тақырып бойынша материалдар

Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
19:33, 3 тамыз 2021
Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
19:28, 3 тамыз 2021
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...