ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Көктемгі дала жұмыстары басталды

22:52, 4 мамыр 2022

Өңір диқандары көктемгі дала жұмыстарына сақадай сай. Биылғы жылғы егістік алқабы 1 млн 554 мың гектарды құрайды. Сонымен қатар, дизель отынының да тапшылығы байқалмайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды.

Биыл Павлодар облысындағы егістік алқаптың көлемі 1 млн 554 мың га-ды құрайды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 6 пайызға көп. Өңірлің барлық аудан, қалалары көктемгі егін егу жұмыстарын бастап кетті. Бүгінгі таңда жер жырту, топырақты ылғалдандыру жұмыстары аяқталды.

«Кең дала» бағдарламасы бойынша 1,4 млн теңге көлемінде 60 несие берілген. Ал, «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 47 несие. Жалпы соммасы 709  млн. «ҚазАгроФинанс» жобасы шеңберінде 3,7 млрд теңгеге 1575 бірлік ауылшаруашылығы техникасы берілді.

Сонымен қатар, спикер шаруаларға арзандатылған жанар-жағар май үлестіру жұмыстарына да жеке тоқталды.

Биылғы жылы көктемгі дала жұмыстарына жалпы Павлодар облысы бойынша 4 460 бірлік заманауи жабдықталған тракторлар мен 13 800 басқа үлгідегі ауыр техникалар жұмылдырылады.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Мурат Абилмажит

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар