ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Көкөністерде нитрат анықталмады

22:02, 3 маусым 2022

Санитарлық дәрігерлер тұрғындарға көрші елдерден әкелінген бау-бақшалық өнімдер сатып алмауға кеңес береді. Оларда нитраттар болуы мүмкін. Осы ретте мамандар дүкендерде мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Дүкен сөрелеріне Оңтүсітік аймақтардан көзді қызықтырар көкөніс және жеміс өнімдері жеткізіле бастады. Бұл тауарларда дәрумендермен қатар улы қоспарлардың болатыны сөзсіз. Сондықтан мамандар қияр, қызанақ, орамжапырақта, көкшөптерден нитраттардың бар жоғын анықтады.

Әмір Байсаринов, қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы:

Өңірімізге ерте келген бау-бақша өнімдерінде нитраттар көп кездесіп жатады. Сондықтан бұл көкөніс жемістерді маусым айында алмауға кеңес беремін. Тамыз айына дейін күтуге болады. Сарымсақта, қызылшада, бақшалық өнімдерді нитраттар көп болып жатады. 

Нитраттар көкөністер мен жеміс жидектердің  сыртқы келбетіне әсер етпейді. Сондықтан тұрғындар бір қарағанда өнімнің сапасын анықтай алмайды. Бірақ нитраты бар өнімнен іш ауырып, бас айналып, құсу жағдайлары болуы мүмкін. Тұрғындар да нитраттың адам денсаулығына қауіпті екенін түсінеді. Сондықтан көкөніс, жемістерді іріктеп таңдаймыз дейді.

Өзіміздің өнім шыққанға дейін санитарлық мамандар дүкендердегі өнімдерді нитратқа тексеретін болады. Әзірге көкөніс, жемістерде улы зат анықталмады.  

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар