ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Қоғамдық көліктерді тексеру науқаны басталды

22:38, 8 маусым 2021

Өңірде полициейлер «Автобус» іс шарасын қолға алды. Қоғамдық көлік жүргізушілерінің құжаттары тексеріліп, автобустардың техникалық жағдайы бақылауға алынды. Қала ішіндегі жолаушыларды тасымалдайтын көліктер қаншалықты қауіпсіз? Арнайы рейдке шыққан түсірілім топ анықтап көрді.

Аталмыш науқан республика көлемінде ұйымдастырылып жатыр. 7-маусым мен 11-маусым аралығында шаһар ішіндегі жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктердің барлығы тексеруден өтеді.

Равиль Хасанов, ЖПҚ басқармасының аға инспекторы:

Осы науқан аясында полиция қызметкерлері соңғы аялдамаларға барып тексеру жұмыстарын жүргізеді. Белгіленген нормаларға сәйкес автокөліктің техникалық жағдайы, жүргізушінің құжаттары барлығы дұрыс болуы керек.

Ал, егер, қандайда бір заң бұзушылық анықталған болса, маршрут бірден желіден алынады.

Равиль Хасанов, ЖПҚ басқармасының аға инспекторы:

Заң бұзушылық болса, полиция қызметкерлері хаттама толтырады. Бұл көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылады деген сөз. Ал, заң бұзушылық шамадан асып кетсе қоғамдық көлік желіден алынып, айып тұрағына қойылады.

Қоғамдық көлік жүргізушілерінің жауапкершілігі өте жоғары. Себебі, олар жол ережелерін сақтаудан бөлек, жолаушылардың қауіпсіздігіне де баса назар аударулары тиіс. Сондықтан, патрульдік полиция қызметкерлері барынша абай, әрі құжатқа мұқият болуды ескертеді. 

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
19:33, 3 тамыз 2021
Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
19:28, 3 тамыз 2021
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...