ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Қоғам мен мемлекеттің мүддесіне қызмет етеді

20:29, 23 маусым 2022

Мемлекеттік қызметтің миссиясы – халыққа адал қызмет ету және еліміздің ұлттық мүддесін тиімді қорғай білу. Мерекеге орай мемлекеттік қызметшілер жас мамандармен кездесіп, еңбек тәжірибесімен бөлісті. Бас қосу еркін диалог форматында өтті.

«Жастар мемлекеттік аппараттың болашағы» тақырыбында өткен жүздесуде сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук өзінің еңбек жолына тоқталды. Ол жастарға Ұлы Абайдың «Ақырын жүріп, анық бас еңбегін кетпес далаға» нақыл сөзін ұстанатынын айтты.

Олег Крук, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары:

Мемлекеттік қызметке мен 2007 жылы келдім. Ол кезде алғашқы рет өңірде энергетика департаменті құрылды. Онда бір жыл еңбек етіп Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болып ауыстым. Ол қызметте мен 6 жыл жұмыс істедім. Одан кейін коммерциялық салаға кетіп, директор болдым. Міне бүгін 8 жыл өте келе мен қайта мемлекеттік қызметке келдім. Сондықтан жастарға айтарым, тынбай еңбек ету керек.

Қазір ақпараттық технологиялар дамыған заман32 жастағы Дархан Мырзабаев осыған жауапты басқарманы басқарады. Жас болса да, халықаралық деңгейде тәжірбиесі мол. Қазақ, орыс, ағылшын, қытай және француз тілдерін жетік меңгерген. Болашақ бағдарламасының түлегі. Мемлекеттік қызметке арнайы миссиямен келгенін айтады.

Дархан Мырзабаев, цифрлық технологиялар басқармасының басшысы:

Мемлекеттік қызметте әр күн қызықты өтеді. Еш ұқсастығы жоқ. Түрлі шақыртулар түседі. Осы жұмыста атқара келе мен мында арнайы миссиямен жүргендей сезінемін. Еліме, халқыма адал еңбек ету үшін мен мемлекеттік қызметті таңдадым. 

Жас мемлекеттік қызметшілер еңбек тәжірбиесі мол тұлғалардың ақыл кеңесін тыңдап, мол әсер алды. Ғалия Зейнель 6 ай бұрын ашық конкурс арқылы мемлекеттік қызметке орналасты. Қазір персоналды басқару бөлімінде еңбек етеді. 

Ғалия Зейнель, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы:

Басқарушы лауазымда отырған кездескеннен бір үлкен ынта, мотивация аламыз. Осыдан кейін әртүрлі сфераларды меңгергім келеді. Тілдерді меңгергім келеді. Және де бір орында отырғым келмейді. Өсе бергім, оғымы келеді.

Гүлсанат Алпысбаева, Ақсу қаласы ахат бөлімінің бас маманы:

Өте қызықты, әсерлі өтіп жатыр. Өзім үшін көптеген қызықты ақпарат алдым. Алда өз жұмысымыды жүзеге асырамын, қолданамын. Маған өте қатты ұнады бүгінгі кездесу.

Мемлекеттік қызмет- жауапкершілік пен еңбекқорлықты талап ететін сала. Бұл құрылымда халқына адал, елінің нағыз жанашыры еңбек ету керек. Жиналғандар басқосудан осындай ой түйді.


Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Белсенді өмір сүру орталығының есеп беру концерті өтті
09:27, 6 шілде 2022
Белсенді өмір сүру орталығының есеп беру концерті өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...