ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Көгалдарды суару машиналарының саны артты

18:38, 10 маусым 2021

Павлодар қаласында көгалдарды суару машиналарының саны артты. Биыл бұл жұмыстарға 90 млн теңге қаражат бөлініп отыр.

Жасыл желектерді суару жұмыстары қала бойынша қарқын алды. Гүлдерді, ағаштарды, көгалдарды суару сынды негізгі жұмыстар күнделікті атқаралып жатыр.

Арман Құсайынов, ТҮКШ бөлімінің абаттандыру және көгаландыру секторының бас маманы:

Қазіргі уақытта бізде шамамен 20 машина бар. Суару екі ауысыммен жүзеге асырылады. Бізде кешкі 20.00 - ден бастап таңертеңге дейін гүлзарлар мен көгалдар суарылады. Күндіз біз ағаштарды суарамыз.

Биыл бұл жұмыстарды 3 мердігер компаниясы атқарады. Сонымен қатар, осы іс-шараға «Жасыл ел» Павлодар облыстық штабының жастары да тартылды. Аталмыш жұмыстарға 90 млн теңге қаражат бөлініп отыр. Айта кетейік, облыс әкімі суару машиналар санын 30-ға дейін жеткізу бойынша тапсырма берген болатын.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді
22:51, 16 маусым 2021
ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді
Толығырақ...
22:50, 16 маусым 2021
Үкімет қыркүйекке дейін халықтың 60 %-ын вакцинациялауды тап...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...