ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Кітап – білім бұлағы

10:56, 20 қазан 2021

Ертіс ауданы әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жағынан өңірде алдыңғы қатарда. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде көптеген әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өтіп, халыққа пайдалануға берілді. Солардың бірі Голубовка ауылындағы кітапхана ғимараты.

Голубовка ауылдық кітапханасы 1955 жылы ашылған. Бірақ, 1975 жылы ауылдық мәдениет үйінің екінші қабатына орналастырылыпты.  Халықтың көптеп шоғырланатын жері болғандықтан күрделі жөндеуді талап етеді. 2018 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында демеушілік қаражат есебіне қалыпқа келтірілген.

Татьяна Сенаторова, кітапханашы:

Бізде оқырмандарымыз өте көп. Адамдар көп келетіндіктен күрделі жөндеу жасап, коворкинг орталығын да аштық. Қазір барлық жағдай жасалған. Тегін вайфай да бар. демалыс орындары да қарастырылған.

Татьяна Сенаторованың бұл жерде еңбек еткеніне 40 жылдан асты. Айтуынша өзінің анасы осы жерде кітапханашы болған. Ана ісін кейінгі ұрпаққа адал табыстау мені азаматтық борышым,-дейді ол.

Татьяна Сенаторова, кітапханашы:

Біз бұл салада отбасымызбен жұмыс істейміз. Менің анам кітапхананы ашқан адамдардың бірі. Мен де Семейдегі кітапханашылар институтын тәмамдап бірден осында келдім. Маған өз жұмысым ұнайды.

Аталмыш кітапханада көптеген құнды туындылар сақталған. Тіпті, 3 мыңнан астам кітап сандық форматқа ауыстырылыпты. Алдағы уақытта ауқымы тағы кеңеюі мүмкін,-дейді кітапхана үйлестірушісі.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
11:05, 21 қаңтар 2022
Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
Толығырақ...