ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІК МАҚСАТТАҒЫ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТАР

20:01, 8 сәуір 2021

Өңірдегі жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстар қарқынды түрде ілгерілеуде. Осы ретте «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасының әлеуеті зор екендігін тілге тиек еткен жөн. Аталмыш бағдарлама жас кәсіпкерлерге 2 млн-нан 5 млн-ға дейінгі мөлшерде грант ұтып алу мүмкіндігін беріп отыр. Қазіргі таңда грандқа қол жеткізу мақсатында 30 кәсіпкерден өтінім келіп түскен. Бүгін арнайы құрылған комиссия мүшелері іріктеу өткізді.

Жас кәсіпкерлер тарапынан келіп түсетін өтініштерді қабылдау жұмыстары наурыз айының 25-і мен 31-і аралығында жүргізілді. Сарапқа салынатын жобалар сан саланы қамтиды. Бірі, ет-шұжық өндірісін ашпақ болса, енді бірі техникалық бағыттағы бизнесті бастамақ ниетте. Ал, Талғат Шәкіров пластикалық қалдықтарды өңдейтін кәсіпорын тізгінін қолға алмақшы. Себебі, пластикалық қалдықтардың экологияға тигізер кері әсері қатты,-дейді жас кәсіпкер.

Талғат Шәкіров, жас кәсіпкер:

Жобаның негізгі мінде шашылып жатқан пластикалық қалдықтарды жинастыру. Егер біз гранд ұтып алатын болсақ, қажетті құрал-жабдықтарды сатып аламыз. Кейін жиналған қоқыстарды өңдеп, басқа да бұйымдарға арналған шікізат жасаймыз. Мысалы, бұдан орындық, бір реттік ыдық-аяқтар сияқты дүниелерді істеуге болады. Менің бижнес жоспарымды бұндай заттардың 15-тен астам түрі көрсетілген.

Бизнес жобаларын ұсынғандардың барлығы 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлер. Оларға жасаған жоспарларының тиімділігіне қарай мемлекеттен «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде 2 млн-нан 5 млн-ға дейінгі аралықта гранд беріледі.

Дархан Ермағамбетов, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық басқармасының бөлім басшысы:

Басқарма тарапынан 25-31 наурыз аралығында құжаттарды жинау рәсімі өткізілген болатын. Оның қорытындысы бойынша 30 өтінім түскен болды. жалпы ол гранттар жастарға арналған. 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерге арналған. Бизнастің жол картасы 2025 бағдарламасы аясында беріледі.

Арнайы құрылған комиссияның жұмысы ашық әрі, әділ өту үшін жиынға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері де қатысты. Себебі, ақша жүрген жерде «бармақ басты, көз қысты» оқиғалар орын алатыны белгілі.

Назымбек Бекжанов, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаменті басқармасының басшысы:

Бүгін жергілікті атқарушы органдар үлкен жұмыс өткізіп жатыр. соны өте ашық, көрнекті, ешқандай сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар көрінбесін деп соның түгелін қолданып жатыр. Конкурстық комиссияға мүшесі болып бізді бізді шақырды. Және бизнес өкілдерін және қоғам өкілдерін бүгін көріп жатырмыз. Көптеген кісілер отыр. конкурс жастардың арасында ашық өтеді деп үміттенеміз.

Айта кету керек, осы өтінім берген 30 жас кәсіпкердің ішінен тек 4-5-і ғана таңдалып алынады. Оның өзі осы қоғамға пайдасын тигізетін жобалар болуы шарт.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

КӨПБАЛАЛЫ АНА СОТ ЗАЛЫНДА ҚАМАУДАН БОСАТЫЛДЫ
19:08, 14 сәуір 2021
КӨПБАЛАЛЫ АНА СОТ ЗАЛЫНДА ҚАМАУДАН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ДҮКЕНДЕРІНДЕГІ АРАҚ-ШАРАП ТЕГІС ЖОЙЫЛДЫ
19:07, 14 сәуір 2021
АУЫЛ ДҮКЕНДЕРІНДЕГІ АРАҚ-ШАРАП ТЕГІС ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...