ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЛІСІМШАРТ ТОҚТАТЫЛДЫ

20:30, 23 ақпан 2021

Павлодарлық компания жерді жалға алу келісімшартын ұзартқысы келмегендіктен, сауда павильондарынан айырылды. Бұл туралы Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұған дейін меншік иесіне құрылыс жұмыстары басталатындығына байланысты учаскелерді босату керектігі туралы өтініш хат жіберілген болатын. Бірақ кәсіпкер  хатты елемеген көрінеді. Сондықтан жергілікті атқарушы билік өкілдері іске білек сыбана кіріскен. 

Салтанат Әкімбекова, қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы:

Академик Шөкин көшесінде бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, біз Назарбаев даңғылы бойынша павильондарды бөлшектеуді жоспарлап отырмыз. Аймауытов көшесіндегі павильон әзірге қанағаттанарлық жағдайда. Осы павильонды сақтау мәселесі қаралатын болады.

Сондай-ақ, әңгіме барысында "Визит"деген атаумен белгілі бос павильондар туралы сөз болды. Олардың жетеуі Павлодарда орналасқан. Неге әлі күнге дейін бос тұр? деген сұраққа сала мамандары былай деп жауап қатты.

Салтанат Әкімбекова, қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы:

Қазіргі таңда пандемияға байланысты меншік иесі кәсібіп тоқтатып қойды. Ол сауда орындарының барлығы бақылауда. Әзірге қызметіне қашан кірісетіні белгісіз.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Ринат Абдулкаюмов

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
18:34, 25 ақпан 2021
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАР: «ШЫҒЫС ДӘМХАНАСЫ» БАСЫМЫЗДЫ ҚАТЕРГЕ ТІГІП ОТЫР
20:46, 23 ақпан 2021
ТҰРҒЫНДАР: «ШЫҒЫС ДӘМХАНАСЫ» БАСЫМЫЗДЫ ҚАТЕРГЕ ТІГІП ОТЫР
Толығырақ...