ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Кәсіпкерлерді толғандырған түйткіл көп

18:03, 22 маусым 2022

Өңірлік кәсіпкерлер палатасынан араша сұрап, шағымданған кәсіпкерлер көбейген. Өткен жылы жиыны 169 шағым түсіп, оны 52 пайызы оң шешімін тауыпты. Пандемиядан онсызда тоқырап қалған бұл салаға бюрократия одан әрмен кедергі келтіруде дейді бизнес өкілдері.

Өңір кәспкерлеріның басын қосқан облыс әкімі көптен бері бұндай жиынның болмағандығын тілге тиек етті. Кәсіпкерлік экономиканың қозғаушы күші. Кәсіпкерлікке барлық оқыс жағдай кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, атқарушы билік пен кәсіпкерлердің өзара ынтымақтастық әрекеті аса маңызды деді облыс әкімі.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Осындай кездесу жаңа дәстүрге айналады деген сенімдемін. Ашық диалог құрайық. Құқық қорғау органдарының басшылары қатысуда.

Атамекен кәсіпкерлер палатасы облыстың аудан, қалаларында кәсіпкерлер құқын қорғау үшін жұмыс жасауда. Кәсіпкерлердің басын бір ортаға түйістіріп, әр түрлі ұсынынтарды да жолдауда. Құқықтық-заңнамалық актілерге де өз ұсыныстарын енгізуде.

Серік Сәдуақасов, «Атамекен» ҰКП ПОФ директоры:

2021-жылы кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқын қорғау бойынша бірқатар жұмыстар атқарды. Өткен жылы кәсіпкерле тарапынан 169 шағым келіп түсті. Шағымдардың 52 пайызы оң шешімін тапты. Арыздардың 41 пайызы мемлекеттік сатып алуға қатысты.

Сонымен қатар жер-қатынастарына байланысты шағым 32 пайызды, салыққа байланысты шағымдар 24 пайызды, әкіәмшілік-құқық бұзушылыққа қатысты шағымдар 19 пайызды құрапты.

Серік Сәдуақасов, «Атамекен» ҰКП ПОФ директоры:

Палата кәсіпкерледі қаржылық қолдауын жалғастырып келеді. 2021-жылы жалпы жиыны 505 млн теңгеден асатын 102 жобанға қолдау көрсетті. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге салықтық төлемдер мен бухалтерлік есептер сияқты қаржылық,  заңдық кеңестер бойынша да көмектесудеміз.

Өткен жылы  палата өкілдері 57 сот отырысына қатыстқан. Оның 20-сында сот кәсіпкерлердің пайдасына шешім шығарған. Сонымен қатар облыс әкімі кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты. Қанша бизнес иесі болса, сонша мәселе бар. Бастысы заңанамалық негізді сақтай отырып, іскерліктің жолын ашу деді аймақ басшысы

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Белсенді өмір сүру орталығының есеп беру концерті өтті
09:27, 6 шілде 2022
Белсенді өмір сүру орталығының есеп беру концерті өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...