ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Кәсіпкерлер құқығы қорғалады

20:37, 23 мамыр 2022

Бизнесмендердің құқығы мен мүддесі жан-жақты қорғалуы тиіс. Өңірге Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдері келді. Жергілікті кәсіпкерлер қордаланған мәселелерді шешіп беруді сұрады.

Тимур Аспанов агро кешенін басқарады. Кездесуде ауылшаруашылығы  министрлігінің кооперативтер аясында заңына өзгерістер енгізу тұрғысында шағымданды. Бұл заңда ауыл шаруашылық кооперативтерін дамыту үшін шектеу қойылған екен. Мәселемен танысқан меймандар арыз жазуды өтінді. Ал, кәсіпкер Сергей Барт 2010 ірі жобалық жабдықтарды дамыту үшін банктан 11 млн теңгеге  өндірістік аумақ сатып алған. Бүгінге дейін бұны құжат жүзінде жекешелендіре алмай жүр.

Сергей Барт, кәсіпкер:

Мен 2010 жылдан бері не ақшамды қайтара алмай, не жекешелендіре алмай жүрмін. Бұл өнеркәсіптік аймақты сауда-саттық арқылы сатып алдым. Мүлікті тіркеу кезінде ауыртпалықтың  бірнеше саны бар екені белгілі болды.  Банк және әділет департаментімен бірнеше рет құжаттарды рәсімдеу үшін жүгіндік. Одан нәтеже болмады. Бүгін міне осында келіп, көмек сұрап отырмын.
Кәсіпкердің шағымын тыңдаған жауаптылар, оған сот пен прокуратураға жүгінуге кеңес берді.

Қуанышбек Мұқаш, кәсіпкерлер құқықтарын қорғау департаментінің директоры:

Кәсіпкерлердің қозғап отырған сұрақтардың көбісі мына акциз сұрақтары бойынша бүгін бірнеше кәсіпкер келді бізге. Ол мына ішімдік сататын магазиндер олардың лизенциялары жайында сұрақтар болды және де кейбір ауылшаруашылықта айналысатын кәсіпкерлердің кейбірі келді. Олардың сұрақтары өздерінің шарттарын жою туралы.  Бұл мәселемен сотқа жүгіну керек. Әділет министрлігінің осы өңірдегі департаменті жұмысына ол кісінің арызы бар 12 жыл бойы соттасып құжаттары жойылған деп жауап алыпты.

Сондай-ақ, кездесуде бизнес субъектілерінің құқығын шектеуге қатысты нақты жағдайларды шешу жолдары да талқыланды. Бас қосуға келген әр кәсіпкер тұшымды жауап алды.

 

Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...