ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕР ҚОЛДАУҒА ИЕ

09:54, 23 қаңтар 2020

Мемлекет басшысы өз Жолдауында шағын және орта бизнесті қолдау жергілікті басқару органдары тарапынан басты назарға алынуы керек екендігі айтқан болатын. Осыған байланысты заңнамалық сипаттағы қосымша шаралар қолдану қажеттігі міндеттелген.

Соның арқасында, тексерулер саны қысқарып, талаптар жеңілдейді. Өңірлік коммуникацяилар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында кәсіпкерлер тарапынан келіп түскен өтініштер бойынша есеп берілді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлік субьектілерінен 220 өтініш түссе, оның жартысы оң шешімін тапқан. Келіп түскен өтініштердің басым бөлігі жер қатынастарына қатысты. Мәселен, Барманқұлов деген жеке кәсіпкер 2015 жылы жер сатып алып, аяқ киім жөндеу шеберханасын ашқан болатын. Үш жыл өткен соң сол жерді алу бойынша құқығын ұзартпақ болады. Алайда, бұған рұқсат берілмеген.

Мүбәрак Жақыпов, кәсіпкерлер палатасының  бірінші санаттағы сарапшысы:

Сол кезде оған Павлодар қаласының әкімдігі рұқсат бермеген. Себебі, сол жерде адам өтетін жер, тратуар бар деп. Сосын біз, сотқа үкім жаздық. Сотта сосын сол бойынша көшпелі отырыс болды. Сол кезде, соттың өзі көрді, сол жерде ешқандай тратуардың жоқ екендігін, ешқандай адамдардың өтуіне кедергі болатын бөгде заттардың жоқ екендігін көрді.

Бұл жағдайда сот кәсіпкердің пайдасына қарай шешім қабылдады. Бизнесмен өз жұмысын жалғастырды. Жалпы, өткен жылы кәсіпкерлер палатасына 220 өтініш келіп түссе, оның жартысына оң шешім табылды. Мамандардың айтуынша, мәселелердің бірден шешілмеуі кәсіпкерлердің өздеріне тікелей байланысты.

Мүбәрак Жақыпов, кәсіпкерлер палатасының  бірінші санаттағы сарапшысы:

Өйткені, кәсіпкерлердің көбі кей жағдайларда өздерінен кінә болады. Сол кезде заң жағынан қарап, ол кәсіпкерлерге ұсыныстарымызды береміз. Бірақ, мәселелерді шешіп бере алмаймыз.

Кәсіпкерлер Палатасының мамандары өткен жылы 73 сот отырысына қатысты. Былтырғы жылы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға 300 миллионға жуық қаражат жұмсалды. Ал жергілікті құқыққорғау және атқарушы органдарынан 291 нормативтік-құқықтық актілер келіп түскен. Мамандардың айтуынша, жер учаскелерін пайдалануға беру туралы мәселелерді шешу бойынша көрсеткіштер төмен.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ЖҰМАСЕЙІТ БИЖАН 80 ЖАСТА
14:06, 25 ақпан 2020
ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ЖҰМАСЕЙІТ БИЖАН 80 ЖАСТА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...