ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Кәсіпкер шоппер-сөмкелерін тігеді

17:03, 5 тамыз 2022

Кәсіпкер қыз келіншектер жайлы айтуды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз шоппер сөмкелерін тігумен айналысатын Динара Жанбаева.

Қыз келіншектер өздерінің қол сөмкелеріне баса назар аударады. Оның ыңғайлы сапалы болуы маңызды. Соңғы жылдары шоппер сөмкелері қайта сәнге шықты. Осындай сөмкелерді жерлесіміз кәсіпкер Динара Жанбаева тігеді.

Динара Жанбаева, кәсіпкер:

Өткен жылы жаз уақытында шоппер сөмкесін іздеп қаланың біраз дүкендерін аралаған едім. Бірақ сапасы мен бағасы сәйкес келетін шоппер таба алмадым. Бәрінің бағасы қымбат. Өзім бұрыннан тігетіндіктен өзіме тігіп алуды жөн көрдім. Содан бері міне бастап кеттім.

Өткен жылдан бастап Динара Жанбаеваның кәсіпкерлік кезеңі басталды. Оның тіккен шопперлері көптің көңілінен шығып тапсырыстар көбейе түсті. Осы уақыт ішінде 600 ден астам сөмке тіктім дейді. Бағасы да қолжетімді 5000 теңгеден басталады. Ал, сапасына кәсіпкер баса мән береді.

Динара Жанбаева, кәсіпкер:

Бұл шоперлер сапалы, матасы су өткізбейді. Астары да бар.  Екі жақта қалталары бар. бағасы 5000 теігеден басталады. Сөмкелер әлеуметтік желідегі парақша арқылы және қаламыздағы дүкендердің бірінде сатылады. Сапалы болғандықтан клиенттер көбеюде, соған орай дүкендер санын да арттыратын боламыз. Қазір екі тігіншім бар олар маған көмектеседі.

Шопперден басталған бизнес түрлі сөмкелерді жасауға да көшті. Жазғы және қыс кезеңіне арналған сөмкелері бар. Кей шопперлер арнайы тапсырыспен жасалады.

Динара Жанбаева, кәсіпкер:

Былтыр жазда әйелдер кәсіпкерлігіне оқытуға қабылдау жүргізілді. Ол АҚШ елшілігі арқылы ұйымдастырылды. Сонда екі кезеңнен өтіп, 10 ай оқыдым. Маусымда жұмыстарымызды қорғадық. Сонда екінші орын алып грантқа ие болдым. Сол қаражатқа тігін машинкаларын, т.б керек жарақты алдық.

Кәсіпкер алдағы уақытта ісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Ең үлкен арманы, қала дүкендерінің барлығында өз шопперлері сатылса дейді.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...