ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

КӘСІП ТҮБІ НӘСІП

10:56, 6 мамыр 2020

Май ауданында ауыл тұрғындарын, соның ішінде жастарды жұмыспен қамту жүйелі жүзеге асуда. Жергілікті халық білім алып өз ісін дөңгелетіп отар. 2019 жылы «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша, 37 азамат грант ұтып алып, бүгінде өз кәсібін ашқан. Ал, биыл қандай жаңалықтар күтеді?

Бүгінгі күнде, шағын және орта бизнесті дөңгелетіп отырған жастардың саны күннен күнге артып келеді. Май ауданында 2011 жылы Жұмыспен қамту орталығы ашылып, жастарға қанат беріп келеді. Осы ретте «Еңбек» бағдарламасының пайдасы орасан.

Дүйсенбай Қалиақпаров, Май ауданы жұмыспен қамту орталығының басшысы:

Бірінші бағыт бойынша «бизнес бастау» жобасымен оқытамыз және қысқа мерзімді курстар мен оқытамыз. Екінші бағыт бойынша бізде гранттар беріледі, несие беріледі 6%-дық несиемен. Үшінші бағыт бойынша әлеуметтік жұмыс орныдары ашылады және ішкі қоныс бағдармасымен айналысамыз. Төртінші бағыт жастарға грант береміз 200 айлық көрсеткіш көлемінде.

2020 жылы «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша 75 адам білім алады, деп жоспарланған. Екінші бағыт бойынша, 140 миллион теңге қаржы бөлінді. Бүгінде несиеге 5 адам қол жеткізген. Сонымен қатар, 60 адамға 34 милиион көлемінде грант бөлінеді. Өз кәсібін ашып, нәсібін көріп отырған жанның бірі Бақытгүл Тілеубергенова.

Бақытгүл Тілеубергенова, кәсіпкер:

Атамекеннен «Бизнес бастау» бағдарламасы арқылы оқып, бітіріп, осы наубайхананы, біздің ауылда нан тапшы болды. Қаладан, сырттан, Ақсудан келіп жатты. Сондықтан, нан жетіспеушілік болғандықтан, наубайхана ашуды ұйғардық. Біз қазір нанның бағасын түсіріп тұрмыз. Карантин кезінде халыққа көмек болсын деп, нанның бағасын 80-түсірдік. Пайдасы не болмасада, дегенмен енді, халық үшін жұмыс жасап жатырмыз.

«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Май ауданы бойынша 6 жоба іске асырылады. Ал, жөндеу жұмыстарына жұмыссыздар қатарынан 130 адам тартылатын болады. Қазір Май ауданының жұмыспен қамту орталығының базасында мобилді топ құрылды.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...