ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

«Кереку билері алқасы» қоғамдық бірлестігі

23:31, 4 мамыр 2022

Павлодарда «Кереку билері алқасы» қоғамдық бірлестігі жұмысын бастады. Бірлестік қазіргі уақыттағы ел ішіндегі әр түрлі әлеуметтік мәселелердің шешіміне ат салысып, рухани, мәдени шараларды қолға алмақ. Бұл жолы өкілдері Баянауылда бас қосып, алда атқарылуы тиіс шаруалар легін талқылады.

Бір айдан астам уақыт бұрын құрылып, жарғысы мен ережелерін енді бекіткен бірлестік алдағы уақытта көптеген игі мақсаттар жолында қызмет етпек. Мәселен, ауылішілік кикілжіңдерді сотқа дейін жеткізбей, өзара бітімгерлікпен шешуге ат салысу, халықтың әлеуметтік мәселеріне шешуге үлес қосу. Бұдан бөлек, көптеген мәдени- ағартушылық жұмыстарды да қолға алу «Кереке билері алқасы» қоғамдық бірлестігінің негізгі жұмыс жоспарына енбек.

Саян Арыстанұлы, Баянауыл аудандық «Мұса Мырза» мешітінің бас имамы:

Бүгінгі күні Кереку өңірінің билерінің бастамасыв және де әр өңірді, өзіміздің елімізді, жерімізді гүлдендіруге ат салысып жатыр. Осылайша ат салысқанының өзі керемет дүние келешекте. Егерде бұл өзінің дегеніне, алдымызға қойған билер алқасының мақсатына жетсе бұл керемет дүние болып табылады.

Қоғамдық бірлестік құрамына елдімекендер мен ауылдардың кез-келген белсендісі мүше бола алады. Басты шарт- туған ауылының, не болмаса аймағының мәселелерін тыңғылықты білуі, әрі елге деген жанашырлықтың болуы. Бүгінгі таңда Баянауыл ауданындағы ауылдар алғашқы қадамдарды бастап та кеткен.

Бақытжан Мұқашев, Жүсіпбек Аймауытов ауылының тұрғыны:

Қор ашылған. Сол қорға салынған ақшадан жергілікті нашар тұратын адамдарға көмектесу. Оқуға түсе алмай жатқан аз қамтылған отбасылардың балаларын оқуға түсіру. Осы мәселелерді назарға алып жатырмыз.

Бұдан бөлек ауылды абаттандыру жұмыстарын да қолға алынуда. Жалпы қоғамдық бірлестіктің негізгі мақсаттарының бірі- халықтың өзін-өзі басқаруын жетілдіурге ат салысу.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар