ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

КЕНШІЛЕР ШАҺАРЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ

11:43, 14 мамыр 2020

Екібастұз қаласында құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Биыл 20 әлеуметтік нысан жөндеуден өтеді деп жоспарланған. Қалпына келтіру жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қолға алынады. Жоспарда қандай әлеуметтік нысандар бар? Қазір қанша шаруа атқарылды?

Алғашқылардың бірі болып 1989 жылдан бері қабырғасына сылақ тимаген «Жасыбай» балалар жасөспірім спорт мектебінің ғимаратын жөндеу басталды.  Мұнда 540-қа жуық шәкірт тәлім алатын шаһардағы жалғыз жүзу орталығы бар. Аталмыш ғимараттағы шағын және үлкен су хауыздары қайта қалпына келтірілмек. Басты мақсат – спортпен шұғылданушыларға қолайлы жағдай жасау. Ал, білім беру мекемелері қатарында жөндеуді талап ететін №13-ші мектеп те бар. Ол жерде 800 оқушы оқиды. Құрылыс жұмыстарының жалпы құны 57 млн теңгеден асады.

Ержан Иманзайыпов, Екібастұз қаласының әкімі:

Қазір біз энергоаудит жүргізгенімізді ескере отырып, біз қазірдің өзінде орындаған жылыту жүйесі бойынша ұсыныстар болған. Сондай-ақ, ұсыныстардың бірі-шыны пакеттерді ауыстыру. Биылғы жылы біздің оқушылар жақсы жағдайда болып, оқудан алаңдамайтын болады деп үміттенеміз.

Бұдан бөлек кеншілер шаһарында жалғыз арнайы білім беретін балабақша жұмыс істейді. Бұл жерде психикалық ауытқулары бар 2 мен 7 жас аралығындағы 137 бала тәлім алады. Соңғы рет бұл ғимаратқа 11 жыл бұрын жөндеу жасалған екен. Қазіргі таңда кешеннің жылыту жүйесі күрделі жөндеуді талап етеді. Сонымен қатар, бассейн мен балалар ойын алаңын қалпына келтіру жоспарда бар. «Өнер» ойын-сауық кешені Екібастұз қаласындағы басты рухани орталық есебінде. Мемлекеттік бағдарлама аясында ғимараттың алдығы жағы мен шатырын, және су құбырлары қалыпына келтіріледі деп жоспарланып отыр.

Ержан Иманзайыпов, Екібастұз қаласының әкімі:

Екібастұзда Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында әлеуметтік нысандар бойынша 20 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, бұл 1230 адамды қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Мұнда әлеуметтік қорғау бөлімі тиісті жұмыстарды жүргізіп, қазір бізде қабылдау жүргізілуде. Жалпы бізде әлеуметтік нысандарға, күрделі жөндеуге шамамен 868 млн теңге жұмсалады.

Әкімінің сөзінше, кеншілер шаһарындағы құрылыс жұмыстарына алғаш рет осыншама қомақты қаражат бөлініп отыр. Жоспарланған жұмыстардың барлығы жыл соңында аяқталады деген болжам бар.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ, Сабина РАХИМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар