ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

КЕҢЕС БЕРУ ҚОСЫНДАРЫ АШЫЛДЫ

11:01, 6 мамыр 2020

Павлодар қаласындағы адамдар көп жүретін жерлерде кеңес беру нүктелері жұмысын бастады. Бастаманы жұмыспен қамту орталығы қолға алып отыр. Көшпелі түсіндіру бекеттерінің мақсаты адамдарға бос орындар мен мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат тарату. Әзірге үш жерде осындай рекруттық орталық бар.

Оның біріншісі, академик Бектұров көшесіндегі жұмыспен қамту орталығының базасында орналасқан. Ал, екіншісі Қуат Әбусейітов атындағы ойын сауық орталығы маңында және үшінші жылжымалы қосын, адамдар көп жүретін жерлерге барып түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады. Мамандар алдағы уақытта тағы бірнеше жерден ашуды көздеп отыр.

Аманбек Ұнатұлы, жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары:

Осы пункттер тек қана осы жерде ғана орналаспайды. Павлодардың барлық аудандарына, алаңдарына барамыз деп жаспарлап отырмыз. Бұл жерде жұмыспен қамту орталығының мамандары отырады. Ол кісілер жұмыспен қамту жол картасы бойынша барлық кеңестерді береді.

Ал, өңірде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Жоспар бойынша биыл 81 жоба іске асыруы керек. Демек, 5300-ден астам жаңа жұмыс орыны ашылады. Қазіргі таңда 31 жобаны іске асыратын ғимарат анықталып, үшеуі жұмысын бастады. 12 адам қызметке орналасып үлгерген.

Аманбек Ұнатұлы, жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары:

Ол 81 жобада 5373 жаңа жұмыс орыны ашылуы керек. Оның тек 50 пайызы жұмыспен қамту орталығынан кісілер алуға тиісті. 2690 адам осы жұмыстарға біз арқылы жұмысқа орналасу керек.

Жылжымалы рекруттық орталықтағы мамандар барлық бағытта кеңес бере алады. Атап айтсақ, АӘК, білім саласы, бизнес бастау т.с.с. Бір сөзбен айтқанда осы жерден барлық мемлекеттік жеңілдіктер туралы білуге болады. Аталмыш орталықтар күзге дейін жұмысын жалғастыратын болады.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
20:30, 9 тамыз 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...