ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Қазақ және ағылшын тілін тегін үйреніңіз

18:37, 20 қаңтар 2022

Бүгінде кәсіпкерлік саласындағы қазақ тілінің қолданыс аясы қаншалықты? Мамандар тұтынушы құқығы туралы заңындағы тіл баптарын тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Сондай-ақ, кәсіпкерлер мен тұрғындарды қазақ және ағылшын тіліне тегін үйрету жұмыстары да қолға алынған.

Тұтынушылар құқығы әлемде де, елімізде де айрықша назарда. Әр адам тауар туралы ақпаратты толық білуге құқылы екендігі белгілі. Сондықтан онда мәлімет мемлекеттік және ресми тілде қатар ұсынылуы тиіс. Осыған орай тұтынушылар туралы заңға тіл туралы бап та енген.

Талғат Дуғалов, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

Қазақстан Республикасының тқтынушылардың құқықтарын қорғау туралы  заңнынң 24-бабына сәйкес сатушылардың міндеттері тауар тулаы, сондай-ақ, сатушы туралы қазақ және орыс тілінде ақпаратты беруге.

Ал, 25-бапта «Тауар туралы ақпарат тауарға қоса берілетін құжаттамада, тұтынушылық қаптамада, заттаңбада немесе тауардың жекелеген түрлеріне қабылданған өзге де тәсілмен қазақ және орыс тілдеріндегі мәліметтерді қамтуы тиіс» делінген. Осыған сәйкес облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы тегін тіл үйрету қолға алды.

Медет Тауасқан, мәдениет, тілдері дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары:

Кәсіпкерлерді, облыс тұрғындарын, кез-келген азаматты мемелкеттік тілге, ағылшын тілін оқуға талаптары болатын болса, ынта-жігерлері болатын болса, тегін оқытуға дайынбыз. Қол үшын береміз, есігіміз ашық.

Өткен жылы мемлекеттік тілге байланысты сыртқы жарнамалар мен маңдайшалардағы мемлекеттік тілдегі ақпаратты міндеттейтін заң жобасы мақұлданған еді. Басқарма тарапы облыс тұрғындарына осы және өзге де тіл заңнамаларына қатысты түсіндірме жұмыстарын үздіксіз жалғастырмақ.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Белсенді өмір сүру орталығының есеп беру концерті өтті
09:27, 6 шілде 2022
Белсенді өмір сүру орталығының есеп беру концерті өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...