ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«ҚАЗАҚ ТІЛІ QR КОД» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

18:04, 20 қаңтар 2021

Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өңірімізде жаңа жоба бастау алды. Облыстық мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Ана тілі» орталығымен бірлесіп мемлекеттік тілді үйренуге бағытталған мобильді қосымшаны іске қосты.

Егемендіктің 30 жылдығы аясында кюар код  мобильді қосымшасы бар осындай плакаттар 30 мекемеге ілінді. Шараның мақсаты заманауи талаптарға сәйкес мемлекеттік тілді насихаттау, қол жетімді түрде қазақ тілін үйренуге жағдай жасау,- дейді ұйымдастырушылар. Мамандар тұрғындардың  жас ерекшелігіне қарамастан аталмыш қосымшаны пайдалана алады деп отыр.

Сәуле Османова, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары:

Бұл жобанының ерекшелігі барлық мына жастардан бастап үлкен буынға дейін қолдарында гаджеттер болған адамдар осы қосымшаны кюар код қазақ тілі деген жобаны телефонға орналастырып қазақ тілін үйренуге мүміндік жасалып отыр. Бірінші мақсат мына халық көп жүретін сауда үйлерінде басқа да үлкен-үлкен мекемелерде осындай кюар код плакаттары орналастырылады. Әр бір адамға қазақ тілін үйренуге жағдай жасап отырмыз. 

Аталмыш жүйені қолдауну еш қиындық тудырмайды. Мобильді қосымшаны пайдалану үшін плакаттағы кюар кодқа телефоныңыздың камерасын қосу жеткілікті. Оқу нұсқамасы бірден экран бетіне шығады. Ал, жоба авторы игі бастаманы бір жарым айдың ішінде жүзеге асырған. Топтың бірлескен жұмысының арқасында осындай нәтижеге  қол жеткізіп отырғанын айтады.

Шолпан Кенжикова, «Ана тілі» орталығының директоры: 

Жаңа технологияларды пайдалана жүре цифровизация деген ұғымымыз бар осынының барлығын біздің Павлодар облысымыздағы тіл жағдайына оң әсерін тигізеді деген сеніммен жасалынған дүние. Командамыздың барлығы ниеттеніп пайдасына келсін дегендей ниетпен жасалынған дүние.

Павлодар қаласынан бөлек облыс аудандарында осындай жұмыстар атқарылып жатыр. Мамандардың сөзінше,  жыл соңына дейін 1000 нысанды қамту жоспарланған. Айта кетейік, жоба демеушілер есебінен жүзеге асып отыр.

 

Гауһар МҰСА

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАР ӨНЕРПАЗДАРЫ ОМБЫ ҚАЗАҚТАРЫМЕН ОНЛАЙН ЖҮЗДЕСТІ
18:26, 4 наурыз 2021
ПАВЛОДАР ӨНЕРПАЗДАРЫ ОМБЫ ҚАЗАҚТАРЫМЕН ОНЛАЙН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
18:21, 4 наурыз 2021
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
21:14, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
18:21, 4 наурыз 2021
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...