ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНЫҢ АРДАГЕРІ НҰРТІЛЕУ ИМАНҒАЛИҰЛЫ ӨМІРДЕН ӨТТІ

17:37, 17 ақпан 2021

Әрбір хабарын «Бай, қуатты болайық!» деп дүйім елге айтатын белгілі ардагер журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Нұртілеу Иманғалиұлы дүниеден өтті. Саяси-әлеуметтік салмағы бар, өткір ойлы бағдарламаларды жүргізіп, өзінің ізбасар шәкірттерін тәрбиеледі.

Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы мен «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері - Нұртілеу Иманғалиұлы 1952 жылы 1 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік, қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақ телевизиясында тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы болып еңбек етті. Телевизия тарланы 2006-2007 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпарациясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болды. Одан кейінгі жылдарда Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Нұртілеу Иманғалиұлы «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, жолдас», «Айна», «Жас жігер», «Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», "Nur-Tiley" авторлық бағдарламалар арқылы қалың көрерменнің есінде қалды.Нұртілеу аға, тумасынан журналист болуға жаралған асыл адам. Оның болмыс-бітімі де соған лайық тұлға еді. Бар ғұмырын телевизия саласына арнаған журналистика майталманы – халқына, кәсібіне адал болды.  Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы 70 жасқа қараған шағында өмірден озды. Павлодар облыстық «Ertis» телеарнасының ұжымы Нұртілеу Иманғалиұлының жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

 

Әйгерім Бозанбаева

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
19:36, 19 ақпан 2021
БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
18:34, 25 ақпан 2021
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
Толығырақ...