ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Қазақ радиосы – халықтың үні

21:51, 25 қараша 2021

Павлодар облысының құрметті азаматы, қазақ журналистикасының ардагері Ғалия Құсайынқызы Балтабайдың тағы бір сиясы кеппен тың туындысы оқырман жүрегіне жол тартты. Жаңа кітап, Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақ радиосының 100 жылдығына орай басылып шығарылған. 200 даналық кітапты жазуға қаламгер 2-ақ ай уақытын жұмсапты.

Биыл Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қазақ радиосының 100 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Осыған орай облыстық құрметті азаматы, жусранистика саласының ардагері, белгілі қаламгер Ғалия Балтабай ерекше сый жасап отыр.

Ғалия Балтабай, Павлодар облысының құрметті азаматы, ардагер журналист:

Бір-екі айдың ішінде әрине біраз жиналған деректерім болатын соны екі айда отырып, күн демей, түн демей осы Қазақ радиосы – халықтың үні деген кітап жазып шықтым. Бұл Қазақ радиосынан біз кезінде білім алдық, қазақтың әндерін тыңдадық, музыкасын тыңдадық. Нешетүрлі күйлерін тыңдап өстік. Бізді ол тәрбиеледі.

Кітап тек 200 данамен ғана басылып шыққан. Бұған демушінің аздығы себеп болды,-дейді автор. Тек, елге белгілі метценат Асылбек Туғанбай шамалы қаржылай қолдау білдіріпті. Айта кету, керек, бұл Ғалия Құсайынқызының бір жылда жарыққа шығарып отырған екінші кітабы.

Ғалия Балтабай, Павлодар облысының құрметті азаматы, ардагер журналист:

Қазақ радиосының директоры Дулат Абиболлаев таң қалып жатыр. Қалай апай?! Біз мерекені жаңа ғана тойлап өттік, сіз уже кітап жазып шығардыңыз. ештеңе айтпап едіңіз деп. Мен ойладым, жоқ, қазір әл-қуатым барда осындай еңбекті артымда қалдырып кетейін дедім. Ертеңгі журналистер осыны білсін.

Бір жылда екі бірдей кітап жазып шығу – екінің бірінің қолынан келетін іс емес. Тіпті, физикалық тұрғыдан ауыр болатыны белгілі. Бірақ, өмірінің 42 жылын радио мен телеарнаға арнаған Ғалия апай осы жолда жиған-тергені мен оқып-білгенін топтастырып отыр. Қазақ радиосы – халықтың үні деп аталатын туындыға бүткіл радио тарихы мен онда қызмет атқарған тұлғалардың өмірбаяны топтастырылған.

Ғалия Балтабай, Павлодар облысының құрметті азаматы, ардагер журналист:

Қаншама осы жүз жылдың ішінде Қазақ радиосында қоғам қайраткерлері, әдебиет жазушылар, ақындар қызмет етті. Олардың еңбектері бар. міне, соның тарихын қысқаша жаза отырып, сол адамдарды осы кітапқа енгізіп, өзіммен бірге қызмет еткен әріптестерімді қосып, осындай үлкен жинақ шығардым.

Естеріңізге салып өтейік, осыған дейін автор өзінің балалық шағын суреттеген «Сары қыз» атты кітабының тұсауын кесен еді. Енді міне қаламгердің үйіндегі алтын қорын тағы бір туынды толықтырып отыр. жалпы алғанда бұл Ғалия Құсайынқызының 20-шы кітабы. Әрине, соңғысы емес. Әлі талай тың тақырыпты тарқатқан туындылар дүние есігін аша берері сөзсіз. Тек, қаламыңыз мұқалмасын деген тілек білдіреміз.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
20:38, 2 желтоқсан 2021
«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...