ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Қазақ халқының ержүрек ұлы

12:35, 7 мамыр 2022

Ердің қайсарлығын, елдің төзімін сынықтан өткізген қаһарлы соғыс жылдарында қаһармандық көрсеткен жерлестеріміздің бірі Қорабай Бәлкенов. Ол «Қызыл жұлдыз», үшінші дәрежелі «Даңқ» орденінің, үш мәрте ерлігі үшін медалінің иегері. Сондай-ақ, батыр Бауыржан Момышұлы мен Сағынғали Сейітов туындыларының кейіпкері болған.

Ұлы жеңістің сайыпқыран солдаттарының бірі – Қорабай Бәлкенов. Май ауданының тумасы 1942 жылы ақпанның ақ боранында «жаным арымның садағасы» деп  қан майданға аттанған. Ворошилов қаласында, екінші Белорусь фронтының 381 атқыштар дивизиясының құрамында кескілескен ұрыстарға қатысып, Шығыс Пруссияда соғысқан.

Жанұзақ Бәлкенов, Қорабай Бәлкеновтың ұлы:

Соғыс кезінде қазақтың жазушылары Бауыржан Момышұлы, Сағынғали Сейітов, Жұбан Молдағалиев соенный корреспондент болған, сол кісілер әр күн сайын листовка шығарып отырған. Қазақстан жауынгерлерінің ерлігі жайында. Соғыс біткен соң осындай бірнеше кітап шықты. Бірінші  «Майдан» деген кітап  құрастырушысы Бауыржан Момышұлы осының ішінде 273 бетте «Солдат даңқы» деген әкем туралы мақала бар. Екінші кітап «Сөз сұрайды солдаттар»  «Қаһарман десе қаһарман». Бұл да кітапта жазылған.

Жазушы Сағынғали Сейітов 1987 жылы өз шығармаларының кейіпкері майдангер батыр Қорабай Бәлкеновты ауылға іздеп келеді. 42 жылдан кейінгі кездесуге бүкіл ел куә болады.  Ауыл клубында есте қаларлық ерекше кездесу ұйымдастырылады. Мінезі біртоға, өзі жайлы сыр айтуға сараң жан Қорабай Бәлкеновтың батырлығы жайлы қаламгер аңызға бергісіз көп әңгіме айтады. Ержүрек кейіпкеріне арнап тағы да өлең шығарады.   

1946 жылы елге оралған Қорабай Бәлкенов 3 бала көреді. «Қызыл құрама» ауылында басқарма қызметін атқарып, ел еңсесін көтеруде аянбай еңбек етеді. Өкініштісі 1956 батырдың үйі отқа оранып, марапаттары өртеніп кеткен. Кейін баласы Жанұзақ Қорабайұлы оларды архивтерден тауып алып, қалпына келтіреді. 1995 жылы 81 жасында дүниеден озған батырдың атына туған жері Баскөл ауылында  көше берілген.

 

Гүлсара Мәлікова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар