ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

КАРАНtime: ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН КӘСІПОРЫН

10:46, 6 мамыр 2020

Төтенше жағдай кезінде көптеген кәсіпорындар өз жұмысын тоқтатты. Соған қарамастан кейбіреулері бұрынғы режимде жұмыстарын жалғастырып, өз өнімдерін экспорттап жатыр.

Нарықта алты жылдан аса уақыт жұмыс істеп келе жатқан «Ертіс диірмені» аймақтағы астық өңдеп, ұн және жарма өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорын. Бүгінгі күні компания жалпы Павлодар облысындағы ұн өндірісінің 30% үлесін жауып отыр. Ұн мен жармаға сұраныс болғандықтан кәсіпорынның нақты тұтынушылары да қалыптасқан. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде үлкен сеп болған «Даму» қорымен 2017 жылдан бастап бірлесе жұмыс атқарып келеді.

Екатерина Агапова, кәсіпорынның бас есепшісі:

Біз пандемия кезінде мемлекеттің қолдауының арқасында қалыпты режимде жұмыс істеуді жалғастырудамыз. «Даму» қоры баға жетпес қолдау көрсетіп, наурыз айында "Даму-Өндіріс" бағдарламасы бойынша жылдық үстемесі 6% - бен несие берді.

Бұл қаражатқа шикізат сатып алынып, өндіріс қалыпты режимде жұмысын жалғастырды. Өндірілетін өнімнің 30% - дан астамы экспортқа жіберіледі.

Екатерина Агапова, кәсіпорынның бас есепшісі:

Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясына өнімдерімізді жөнелтеміз.

Бірнеше айдан соң кәсіпорында сақтау сыйымдылығы 6000 тоннаны құрайтын шағын элеватор салынады. Бұл өндірісті кеңейтуге, астықтың сақталуын жақсартуға, өнімнің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Екатерина Агапова, кәсіпорынның бас есепшісі:

Біз ең бірінші қажетті өнімді шығарамыз.  Адамдардың барлығы да сапасы жақсы ұн мен жарманы тұтынғысы келеді.

Кәсіпорынның барлық өнімдері сертификатталған. Өзге елдерден басқа, Қазақстанның көптеген қалаларымен және Павлодардың 400-ден астам сауда нүктелерімен жұмыс жасайды.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА, Мұрат ӘБІЛМӘЖИТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар