ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

20:32, 23 ақпан 2021

Меншік иелері шаһардағы тазалық жұмыстарына үлес қосуы керек. Әсіресе, қыс мезгілінде өздеріне тиесілі жерді қардан тазартып, оны қала сыртына шығаруға міндетті. Ал, талап орындалмаған жағдайда, бұл заңмен қудаланады. Осы ретте жергілікті полиция қызметінің мамандары рейдтік шара өткізді. Тексеру барысында қандай заң бұзушылықтар анықталды?

Жыл басынан бері 614 заң бұзушылық тіркелген. Бұл тізімдегі 10 мекемеге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып айыппұл салынды,-дейді мамандар.  Салынған сомма көлемі 518 мың теңгені құрайды. Рейдтік шаралар жоспарға сай жиі өткізіліп тұрады.

Нұрлан Нұртаев, жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:

518 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Әрие, біз осындай тексерістерге жиі шығып тұрамыз. Бұдан бөле, тұрғындар да хабарласып, шағымданып жатады. Қазірдің өзінде біз бірнеше мекемеге ескерту жасадық. Алдағы уақытта уәде қаншалықты орындалатытын бақылайтын боламыз. 

Ескере кету керек, бұзушылық анықталған кезде алдымен тәртіп сақшылары тек ескерту жасайды. Белгіленген уақыт ішінде олқылықтың орыны толтырылмаса, онда айыппұл салынады. Мәселен, бүгінгі шара барысында облыс орталығындаға аулалардың бірінде орналасқан мына бір нысанның шатырынан еріген мұз құлайын деп тұрғанын байқадық. Меншік иесі, қар тазалайтын көлікті күтіп отырмыз деп сендірді. Айта кету керек, бұл тек қыста ғана жүргізілетін жұмыс емес.

Нұрлан Нұртаев, жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:

Тексеру шараларын жиі өткіземіз. Бұл тек қар тазалаумен шектелетін шаруа емес. Жаз айларында да қаланың тазалығын бақылаймыз. Статисткалық көрсеткіштер былтырғымен салыстырғанде еш өзгеріссіз.

Ал, аулалардағы жолдарды осы салаға жауапты пәтер иелерінің кооперативі мамандары тазалайды,-дейді жергілікті полиция қызметкерлері.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
18:34, 25 ақпан 2021
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАР: «ШЫҒЫС ДӘМХАНАСЫ» БАСЫМЫЗДЫ ҚАТЕРГЕ ТІГІП ОТЫР
20:46, 23 ақпан 2021
ТҰРҒЫНДАР: «ШЫҒЫС ДӘМХАНАСЫ» БАСЫМЫЗДЫ ҚАТЕРГЕ ТІГІП ОТЫР
Толығырақ...