ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ҚАНТ ЗАУЫТЫ ҚАЖЕТ ПЕ?

10:50, 6 мамыр 2020

Ақсу ауылдық аймағында қант зауытын салу мәселесі соңғы жылдары күн тәртібінен түспей жүр. Болашақ өндіріс өңірде қант тапшылығын азайтқанымен қоршаған ортаға зияны қаншалықты. Қазір экологтардың басын осы жағы қатырып жүр. Өйткені, зауыттан шығатын тастанды қалдықтар бар. Осы мәселеге қатысты кезекті рет онлайн форматта қоғамдық тыңдалым өткізілді.

Биыл Ақсу ауылдық аймағындағы Агропаркте қант зауытының құрылысы басталуы тиіс болатын. Жоба қуаттылығы күніне 8000 тонна қант қызылшасын өндеуге мүмкіндік береді. Жаңа кәсіпорынның жобасына тағы бірқатар өзгерістер енгізілді.

Дмитрий Демченко, қоршаған ортаға тигізер әсерін бағалау материалдарын жасаушы:

Жобаға келесі өзгерістер енгізілді. Зауыттың өнім қуаттылығы 6000 тоннадан 8000 тоннаға дейін өсті. Өндейтін қанттың сапасы «ТС»-тен «Экстра»-ға өзгертіледі. Күл үйіндісі үшін арнайы аумақ қарастырылды. Айта кетейік, еуропалық стандарттарға сай болады. Оның жанында бірқатар кәсіпорындар орналасады. Зауыттың өзі Ақсу қаласынан 650 метрде, Черемушка мөлтек ауданынан 500 метр жерде орналаспақ.

Тапсырыс беруші, «Павлодар Әлеуметтік Кәсіпкерлік корпорациясы» биыл құжаттарды реттеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Жобалық сметалық құжаттандырудың өзі бірқатар уақытты алады. Ал, қоғамдық тыңдалымға қатысушылар зауыттың орналасу аумағын өзгертуді, құрылысына жоғары технологияларды қолдануды ұсынып, қалдықтарды қайта өндеу бойынша сұрақтар қойды.

Дмитрий Демченко, қоршаған ортаға тигізер әсерін бағалау материалдарын жасаушы:

Қалдықтар күл үйіндісіне жіберіледі. Қалған сірне (мэласса), сығынды (жом) т.б  қалдықтар қайта өндеуден өтеді. Жалпы қалдықтардың басым бөлігі екінші пайдаланылып, қайта өнделеді.

Зауыттың құрылысы биыл не келер жылдың көктемінде басталып, 2022 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Кәсіпорын құмшекерден басқа да өнімдерді өндіреді. 400-ге жуық жұмыс орыны ашылмақ. Ал, шикізат бойынша мәселе туындамас. Оны өсірумен бірнеше жыл қатарынан жергілікті шаруа қожалықтары айналысып келеді.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар