ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Қалың қар әлекке салды

21:41, 25 қараша 2021

Еліміздің бірқатар аумағына толассыз жауған қар қозғалысты тежеп, халықты әбігерге салды. Облыс орталығында қарды тазалау жұмыстары тәулік бойы жалғасуда. Таңнан бері оған 70 бірлік техника мен 100-ден аса адам жұмылдырылды. Қала сыртындағы жолдарда жағдай қалай? Коммуналшылар түскен қарды жинауға үлгеріп жатыр ма және ауа райы қашан түзеледі?

Кеше кешкі басталған қар  тоқтамай әлі де жауып тұр. Қар құрсауында қалған шаһарда көліктер мен жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруы қиындап кетті.  Коммуналшылар тәулік бойы қаланы тазалап әлек.

Жансерік Қапзолла, қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы:

Түнгі уақытта қала көшелерінде 50 ден аса техника жұмыс жасады.  Бұл 35 сыпыру, жинау және 17 жинау көліктері. Таңғы 6-дан бастап 70 тен аса техника жұмыс істеуде. Және 50 жүк машинасы.

Жол жиектерін, жаяужүргіншілер жолағын, аялдамаларды тазалауға қалада 200-ден аса адам шықты. Айта кетейік, облыс орталығында қысқы жұмыстарды жүргізуге 2 мердігер ұйым тартылған. Қыс басталғалы полигонға 6 мың тоннадан аса қар шығарылыпты.

Ал, бұл Павлодар – Нұр-Сұлтан тас жолы. Республикалық маңыздағы трассаның жағдайы да көңіл көншітпейді.

Иә, аталмыш бағыттағы жол 23 қарашадан бастап ақылы жолдардың қатарына енді. Яғни сапасы сын көтеріп, жағдайы төленген ақысына сай болуы тиіс. Жоғарыдағы бейнеге жауап ретінде, «ҚазАвтожол»-дың облыстық филиалындағылар аталмыш аумақта бір мердігер ұйым, яғни 20 бірлік техника мен 45 адам тазалау, күту жұмыстарымен айналысатынын жеткізді.

Осылайша қалың түскен қар бәрін шетінен сынап жатыр. Коммуналшылар қызметі мен тұрғындар,  көлік жүргізушілер әбігерге түсіп кетті. Кешеден бері облыс бойынша    жол көлік апаты тіркелді. Сондықтан полицей департаментінде тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес берді.

Төтенше жағдайлар департаментінде Павлодар облысы бойынша әзірге барлық жолдар ашық екенін хабарлады. Ал, Қазгидрометтің синоптиктері ертең Павлодар қаласында қардың жаууы тоқтап, өңірдің оңтүстік- шығыс аумағында ғана түсетінін хабарлады. Одан әрі ауа райы жауын шашынсыз болмақ.                                                    

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
20:38, 2 желтоқсан 2021
«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...