ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Қаламыздың дарынды оқушылары марапатқа ие болды

19:19, 11 маусым 2021

Бүгін Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслямұлы дарынды балаларды марапаттады. «Сарыарқа жұлдыздары» салтанатты шарасы теңіз круизі түрінде өтті. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және облыстық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Биыл оқушылардың облыстық олимпиадасы прокторинг жүйесі арқылы, онлайн форматта өткен. Дәстүрлі шара барысында шаһар басшысы жиылғандарды оқу жылының аяқталғанымен құттықтады.

Ержан Имансләм, Павлодар қаласының әкімі:

 «Мемлекет басшылығы білім беру саласын дамытуға әрқашан үлкен көңіл бөліп қолдайды. Бұл мемлекет саясаты. Бұған жас дарындылардың білім, ғылым жолындағы алғашқы жетістіктері дәлел бола алады.»

Құрама команда мүшелері 42 медаль қанжығаларына байлаған. Оның ішінде 10 алтын, 8 күміс және 24 қола медаль. Бөліп айтары, 21 жыл қатарынан «Үздік қалалық олимпиада командасы» атағын растауда.

Ақмарал Мухамеджанова, «Павлодар дарынды» балалардың бос уақытын қамту және дамыту орталығының басшысы:

 «Қалалық үздік команда атағына ие болып келе жатыр. Биылғы жылы да, бізде қалалық олимпиадаға 611 оқушы қатысса, оның ішінен 54 оқушы облыстық кезеңге өтіп, оның 41-і жүлделі орынға ие болды. Енді бұл атақты мен ойлаймын болашақта да осы Павлодар қаласы «Үздік қалалық команданы» иеленеді деп сенеміз.»

37 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Камиля Сұрымбетова қазақ тілі мен әдебиет пәнінен олимпиадаға қатысқан. Қалалық кезеңде 1-ші орынға ие болып, облыста 3-ші орын алған.

Камиля Сұрымбетова, облыстық пән олимпиядасының жүлдегері:

 «Олимпиада бізде онлайн форматта өтті. Яғни біз мектепке келдік, мектепте компьютер болды, камера болды. Бәрі әділетті деп санаймын. Және де бұған мұғалімнің еңбегін айтқым келіп тұр, үлкен еңбегі, зор маған үлес қосқаны үшін үлкен алғысымды айтам.

Салтанатты шара барысында облыстық және республикалық олимпиадалардың 41 жеңімпазы мен жүлдегері және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған қаланың 37 үздік педагогы марапатқа ие болды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...