ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІ ГҮЛДЕНЕ БАСТАДЫ

13:13, 13 мамыр 2021

Барқыт, изен, шырайгүл мен көпжылдық раушангүлдер биыл Павлодар қаласының көшелерін сәндеп тұрады. Гүлдерді отырғызу жұмыстары басталып кетті. Ағымдағы жылы бұл шараларды бір мердігер ұйым қолға алған. Ол өсімдіктерді отырғызып қана қоймай, жаз бойы оларды күтіп, баптайды.

Павлодарда гүл отырғызуға дайындық жұмыстары осы айдың басында қолға алынды.  Аумақтар таңдалып, жерді өңдеу басталды.  Биыл қаланың 14 мың  шаршы метр аумағында гүл отырғызылады. Оған бюджеттен 120 млн теңге қарастырылған.

Мұрат Райжанов, «Аяулы алақан» ҚБ маманы:

Дәл қазіргі уақытта 2500 шаршы метр аумақта отрығызып қойдық. Жеңіс саябағы, Камзин сквері бойында отырғызылды. Күтіп баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өазір басқа аумақтарды дайындап жатырмыз.

Одан кейін Назарбаев-Лермонтов, Әуежайдың аумағы, Конститутция алаңы, Сәтпаев көшелері кезең-кезеңімен гүлденетін болады. Айта кетейік, гүлдің 10-нан аса түрі мен сәндік өсімдіктер  егіледі. 

Арман Құсайынов, ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

Белгіленген аумақтарда биыл көпжылдық гүлдер отырғызылады. Ол француз, голланд раушангүлдері болады. Одан бөлек  1 жылдық гүлдердің шырайгүл, цинерария, барқыт, изен, қырыққабат және  сәндік түрлері отырғызылады.

Айта кетейік, мердігер ұйымның 40 қызметкері қазан айына дейін өсімдіктерді күту, топырақты қопсыту, арам шөптерді жұлу, суару  жұмыстарымен айналысады. Сондықтан бұдан былай шаһарда гүлдердің кеуіп қалуы сынды мәселе туындамауы тиіс.

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді
22:51, 16 маусым 2021
ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді
Толығырақ...
22:50, 16 маусым 2021
Үкімет қыркүйекке дейін халықтың 60 %-ын вакцинациялауды тап...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...