ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Қала бюджеті бекітілді

23:41, 26 мамыр 2022

193 млрд 575 млн. 2022 жылға арналған қала бюджеті бекітілді. Бұл қаражат облыс орталығын абаттандыру мен көгалдандыруға, әлеуметтік саланы және қалаға қарасты ауылдарды дамытуға жұмсалады. Атқарылатын шаруаларды маслихат депутаттары, қала әкімі және бөлім басшылары талқылады.

Үш жылға бекітілген қаражат қаланың әр саласын дамытуға бағытталады. Мәдениет пен тілдерді дамытуға 120 млн 868 мың теңге, әлеуметтік салаға 119 млн 161 мың теңге және Павлодар шаһарына  қарасты Кенжекөл, Жетекші, Мойылды, Ленинский, Павлодар ауылдарын көркейтуге қаражат көзделген. Білім, денсаулық, халықты жұмыспен қамту мәселесі назарға алынды. Жарымжан жандарға арба  сатып алуға, емдік-шипашай орындарына ем алып, демалуға және жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге негізделеді. Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы да назардан тыс қалған жоқ.

Қанат Қапуов, экономика және қаржы бөлімінің басшысы:

Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы бөліміне қаланы абаттандыру үшін бюджеттен 806 млн 100 мың теңге қарастырылған. Сонымен қатар оның ішінде  жаңа бағдарламаға сәйкес 138 млн 383 мың теңге жұмсалады. Орталық жағажайдың төменгі қабатында жасанды көгалды ауыстыруға 23 млн және 11 млн қала көшелеріне 240 қоқыс жәшігін орнатуға көзделген.

Тұрғын үй құрылысына 1 млрд 864 млн теңге жұмсалады деп жоспарлануда. «Достық», «Сарыарқа» шағын аудандарында 6 үй салынады. Айта кеткен жөн, қазынадан  жұмсалатын әр тиын қадағаланады. Арнайы аУдИторлық комиссия тексеріс жүргізді. 

Мәулен Үйсенбаев, облыстық тексеру комиссиясының мүшесі:
Аудиторлық іс шара барысында бір қатар бұзушылық анықталды. Атап айтқанда Павлодар қаласы юойынша абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жоспардың болмауы. Бюджет қаражаты сапалы жоспарланбауына әкеліп соқты. Іс жүзінде орындалған жұмыстарды растау бөлімінде бюджет және де өзге заңдардың сақталмауы, күрделі шығындар техникалық қадағалаумен орындалатын құрылыс монтаждау жұмыстарын сүйемелдеуі тиісінше қамтамасыз етпейтіндігін және бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бақылаудың нашарлығын көрсетті.

Тексеріс ескерілді.  Осылайша  қала бюджеті 193 млрд 575 млн теңге болып бекітілді. Республикалық және облыстық трансферттер де бар. Әр сала қамтылды.
Асайын Байханов, Павлодар қаласының әкімі:

Инфрақұрылымдық жағдайды түзету қала тұрғындарының өмір сапасын ұлғайту тура міндетіміз болып табылады. Сондықтан барлық бюджетте қарастырылған, нақтыланған қаражатты сол қала тұрғындарының өмір сапасын ұлғайтуға.

Аулаішілік жөндеу жұмыстары жүргізілетін де  күн жақын. Бұл мәселеге қомақты қаражат бөлінді. Сондай-ақ коммуникациялық инфрақұрылымды одан әрі ілгерілетуге ақша жұмсалмақ.



Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар