ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«ҚАЙЫРЫМДЫ ТРАМВАЙ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

15:58, 30 сәуір 2021

Павлодарда «Қайырымды трамвай» акциясы басталды. Қоғамдық көліктің бұл түрін жиі пайдаланатын тұрғындар енді көңілді трамвайларда жүретін болады. Аталмыш науқан «Қайырымды істер марафоны» аясында қолға алынды.

Қала көшелерінен осындай көңілді трамвай көрсеңіз таң қалмаңыз. Бүгіннен бастап республикалық «Қайырымды істер марафоны» аясында «Қайырымды трамвай» акциясы қолға алынды.

Мүсілім Махмұдов, «Трамвай басқармасы» АҚ басшысы:

Қайырымды істер марафоны» аясында жыл бойы бұл трамвайда түрлі шаралар ұйымдастырылады. Оның ішінде өнер ұжымдарымен көңілді кештер, түрлі қайырымды істер қолға алынады.

Сондай-ақ, 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне орай тағы бір көңілді трамвай жолға шықты. Онда этномәдени бірлестіктердің өкілдері әсем ән мен тамаша көңіл күй сыйлайтын болады. Қолға алынған шара көпшіліктен қолдау тауып отыр. Оған ардагерлер, шаһар еріктілері мен түрлі ұйым өкілдері қатысты.

Кенже Кеңесбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Осы жағдайды пайдалана отырып, қаланың халқын мерекемен құттықтаймын. Жақсы өтмін. Кесепат аман өтуге жазсын.

Акция шеңберінде қоғамдық көліктерге отырған кішкентай балақайларға тәттілер үлестіріледі. Тұрғындар болса, осындай шаралардың жиі ұйымдастырылып тұрғанын қалайды.   Айта кетейік, жолға шыққан екі трамвай да бесінші бағытта жүреді. Бүгінше жолақысы да тегін болады.

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ АЛДЫН АЛУ
18:13, 13 мамыр 2021
ӨҢІРДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚАЛАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТІП ЖАТЫР
18:08, 13 мамыр 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚАЛАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
01:34, 7 мамыр 2021
7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01:36, 7 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...