ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«Jas Otan» жастар қанатының жаңа төрағасы сайланды

19:11, 6 қыркүйек 2021

Екібастұз қаласында да ауыс-түйіс орын алды. Қалалық «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы сайланды. Бұл жауапты қызмет кімге жүктелді? Толығырақ алдағы бейнеүзікте.

Jas Otan – елімізге талабы мен ынтасы зор, болашаққа  үлкен үмітпен қарайтын ұлағатты ұрпақтарды тәрбиелеп шығаратын ұйым. Екібастұз қаласының жастары жұмыс барысында жаңа көзқарас таныттты.

Санира Жүсіпова, «Jas Otan» ПОФ төрайымы

Бүгін Екібастұз қаласында кезектен тыс конференция өтті. «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы тағайындалды. Бізде, Павлодар облысы бойынша 10 ауданда, 3 қалада «Jas Otan» жастар қанатының төрағалары бар. Рейтинг бойынша Екібастұз қаласы 3-ші орында тұр.

Қазіргі таңда, ЭКС-төраға атанған Геннадий Арсютин өзінің қызмет жолындағы атқарған жұмыстары жайлы айтты.

Геннадий Арсютин, Екібастұз қалалық «Jas Otan» ЖҚ экс-төрағасы:

Мен осы қызметте болған кезде, партия қатарындағы жастар санын көбейтіп, еліміздің дамуына өз үлесін қосатын талабы мен ынтасы зор ұлағатты ұрпақтардың басын қосуды көздедім. Мен бұл мақсатымды орындай алдым деп ойлаймын. Себебі біз, әр апта сайын қала тазалығын сақтап, колледждер мен мектептерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік.

«Жас отан» жастар қанатының жаңа төрағасы қызметіне Сергей Лепехин ұсынылған болатын. Комиссия мүшелері бір ауыздан дауыс беріп, жасөспірімге қолдау танытты.

Сергей Лепехин, Екібастұз қалалық «Jas Otan» ЖҚ төрағасы:

«NUR-OTAN» партиясының «Жас отан» жастар қанатында жалынды жастар көп. Сол себепті мен партия мүшесі болуға шешім қабылдадым. Дәл осы қызметімнің арқасында, жастарды дамыту жолында жаңаша жұмыс жасаймын.

Айта кететін жағдай, қазіргі таңда жастар өте белсенді. Олардың қозғалысымен 10 жаңа жоба іске қосылды.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
22:58, 21 қазан 2021
«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...