ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ИТ АТУҒА 50 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

21:01, 5 сәуір 2021

Кеше түнде Павлодар ауданының Новоямышево ауылында қорықшы қасқыр екен деп хаски тұқымдас итті атып тастаған. Қасқыр үйдің ауласына кіріп кетті деген хабарды учаскелік полиция инспекторынан біліпті. Кейін, атылып алынған жануар түз тағысы емес, асыл тұқымды ит болып шықты. Жалпы, қаңғыбас иттерді аулау жұмыстарымен кімдер айналысады? Биылғы жылы бұл бағытта қанша қаражат бөлінді?

Оқиға Павлодар ауданына қарасты Новоямышево ауылында орын алған. Аулаға қасқыр кіріп кетті деген ақпаратты ауыл тұрғындары учаскелік полиция бөлімшесіне хабарлапты. Іле, құқық қорғау қызметінің маманы қорықшыны ертіп, көрсетілген мекен жайға келген. Мамандардың сөзінше аталмыш жануар «кет» деген пәрменге бағынбапты. Соған қарағанда құтырған ит болуы мүмкін деген болжам бар. Павлодар ауданының ветстанция басшысы Шайғапбас Ахметовтың айтуынша, иттің мойнында қарғыбаудың іздері болғандығын айтады. Бұдан бөлек, осыдан бір күн бұрын Ақсу қаласында да осындай оқиға орын алған. Энергетиктер шаһарының ветеринарлары тұрғындардың көзінше алабай тұқымдас итті атып өлтірген. Қарғыбаусыз жүрген төр аяқты қалалықтарды дүкенге кіргізбейді деген күдікпен атты,-дей облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мамандары.
Сонымен қатар, кеше шаһар көшелерінде 5 итті көлік қағып кеткен. Жараланған иттер «Павлодар жүрегі» орталығына жеткізіліпті. Өкінішке қарай тек біреуі ғана аман қалған. Осы ретте аталмыш ұйым өкілдері көлік жүргізушілерін барынша абай болуға шақырады.

Мария Гребёнкина, «Сердца Павлодара» ҚБ басшысы:

Жүргізушілерден өтініп сұраймыз. Жолда жүргенде өте абай болыңыздар. Өйткені соңғы кезде ит пен мысықты қағып кету оқиғасы артып барады. Жолда ақырын жүріңіздер. Ит емес, балалар да жолға жүгіріп шығуы мүмкін. Ит деген – жеті қазынаның бірі ғой. Үйсіз-күйсіз болғанымен ол да адам сияқты. Қамқорлық талап етеді. Мейлінше мейірімді болайық.

Биылғы жылы Павлодар қаласы бойынша қаңғыбас иттерді атуға 50 млн 760 мың теңге қаражат бөлінген. Жыл басынан бері мыңнан астам қаңғыбас жануар ауланды. Оның 900-ден астамы иттер,-дейді мамандар.

Айнаш Сүгербаева, қалалық ветеринариялық станциясының мал дәрігері:

Павлодар қаласының ветеринариялық станциясы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынына 20 839 000 теңге бөлінді. 3 айда 1084 бас қаңғыбас жануар ауланды. Оның ішінде иттер 904, мысықтар – 180. Павлодар қаласының ветеринариялық станциясы үйсіз иттерді аулауды рейд және жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жүргізеді.

Бүгінгі таңда иттер мен мысықтарды аулау бойынша жұмыстарға екінші бригада кіріскен. Айта кету керек, аталмыш жануарларды аулау жұмыстары наурыз айынын бастап қараша айына дейін жүзеге асырылмақ.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 392 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
21:25, 13 мамыр 2021
БИЫЛ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 392 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
01:34, 7 мамыр 2021
7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01:36, 7 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...