ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді

22:51, 16 маусым 2021

Бұдан былай Халыққа қызмет көрсету орталығы «Ашық» қосымшасы арқылы жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметті алу үшін енді талаптар қандай? Сюжетте толығырақ.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, еліміздің барлық қалаларындағы ХҚКО-да «Ашық» қосымшасы іске қосылды. Енді мемлекеттік қызметті жасыл немесе көк статусы бар адамдар кезекке алдын ала жазылмай-ақ ала алады.

Азина Мұхамедиярова, қалалық №3 ХҚКО бөлім басшысы:

Бізде ашық қосымшасы жұмыс істеп тұр. Қол жетімді жерлерге біз QR кодтарды орнаттық. ХҚКО-ға жүгінген әрбір клиент мемлекеттік қызметті броньсыз алуға құқылы. Бірақ егер клиент алдын-ала кезекке тапсырыс берсе, онда ол өзі үшін де ыңғайлы. Себебі жұмыс күнін жоспарлай алады.

ХҚКО-ның маманы елдегі эпидахуалға байланысты бұл қосымшасының тиімділігі жоғары екенін атап өтті.

Азина Мұхамедиярова, қалалық №3 ХҚКО бөлім басшысы:

Қосымша ыңғайлы. ХҚКО-да проблемалық жағдайлар жоқ. Бұл ең алдымен денсаулығымыздың қауіпсіздігі үшін жасалған.  

Естеріңізге салып өтейік,  «Ашық» қосымшасын телефоныңызға жүктеп алу қажет. Егер жүйе болмаған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкерлері ЖСН  арқылы сіздің статусыңызды анықтай алады.

 

Бахытнұр Бейсенбай

Тақырып бойынша материалдар

Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
19:33, 3 тамыз 2021
Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
19:28, 3 тамыз 2021
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...