ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Халық таңдауы: Даурен Нұрсейітов

18:22, 14 қыркүйек 2021

Павлодар облысында 25-ші шілде күні, 52 мың дауыс беруші халқы бар, 44 ауылда әкім сайлауы өтті. Шарбақты ауданы Галкин ауылына жаңадан әкім тағайындалды. Бүгінде халық қалаулысы қандай жұмыстар атқарып жатыр? Келесі бейнеүзікте.

Тарих пәнінің мұғалімі Дәурен Нұрсейітов- Галкин ауылдық округінің жаңа әкімі болып сайланды. Оған сайлаушылардың 70% - дан астамы дауыс берген. Қазіргі таңда, жаңа әкім келесі жылы атқарылмақ жұмыстарын ауыл тұрғындарымен жоспарлап жатыр. Басты міндет - індеттің алдын алып, вакцина науқанын жандандыру дейді.

Даурен Нұрсейітов, Галкин ауылдық округінің әкімі:

Менің болашаққа деген жоспарларым көп, себебі, мен өзім де осы ауылдың тұрғынымын. Бұл ауылда мен дүниеге келгенмін. Ауылымның өсіп-өркендегенін қалаймын.

2022 жылы "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша ауыл ішін абаттандыру жұмыстары қолға алынбақ. Атап өтетін болсақ, жолдарды жөндеу, дене шынықтыру кешенінің құрылысы, тренажер және балалар алаңдарын орнату, мектеп пен мәдениет үйін жөндеу жоспарланып отыр.

Бейбігүл Әділбаева, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі:

Менің ойымша, ауыл тұрғындары ауыл әкімін өздері сайлағаны дұрыс. Егер халық үміт артып, оған дауыс берсе, сол әкім ғана ауылды, кез-келген округті, ауданды немесе облысты өркендете алады.

Еркін сайлау - демократияның басты жетістігі, саяси бәсекелестіктің тиімді жолы. Ауыл тұрғындары, елінің елеулісі болған жаңа әкімнің тың бастамалары мен жұмысына үлкен үмітпен қарайды.

 

Құдайберген Бердімұрат, Евгения Мягченко

Тақырып бойынша материалдар

Ынталы жастарға қолдау көрсетіледі
22:19, 24 қыркүйек 2021
Ынталы жастарға қолдау көрсетіледі
Толығырақ...
Той-томалақ өткізуге рұқсат етілді
18:42, 23 қыркүйек 2021
Той-томалақ өткізуге рұқсат етілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Санаққа онлайн қатысқандар сыйлық ұтып алды
12:02, 21 қыркүйек 2021
Санаққа онлайн қатысқандар сыйлық ұтып алды
Толығырақ...