ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Халық санағы туралы

20:26, 4 қыркүйек 2021

Елдегі халық санағының басталғанына үш күн өтті. Қазіргі таңда облыс халқы онлайн санақта белсенділік танытуда. Соңғы екі күнде 16 075 адам тіркелген. Биылғы науқанда қандай өзгерістер болады? Сюжеттен көріңіздер.

Халық санағы алғаш рет цифрлық технологиялардың көмегімен өткізіліп отыр. Биылғы жылғы халық санағының бірінші кезеңі онлайн форматта жүргізіледі. Ол үшін sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтындағы интернет-сауалнамаға жауап беру қажет. Отбасының бір ғана мүшесі қалған адамдарды тіркеуіне мүмкіндік бар. Сайт 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 15 қазаны аралығында тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады. Қандайда бір сұрақтар туындаған жағдайда 1446 колл орталығына хабарласуға да мүмкіндік бар. Ал, халық санағының екінші кезеңінде арнайы құрылған топ өкілдері кімнің тіркеліп, кімнің тіркелмегендігін тексеретін болады.

Жақан Жәкенов, ұлттық статистика бюросы облыстық  департаментінің басшысы:

Біздің ұжымның 93 пайызы онлайн тіркеуден өтті. Қойылатын сұрақтар қиын емес. Мысалы, менің отбасымда 5 адам бармыз. Шамамен 25 минут уақыт жұмсадым. Әсіресе балалар қалай тіркеледі деген сұрақ көп келеді бізге. Санақ нүкте гов нүкте кз сайтына кірген кезде барлығы анық жазылған. Егер сұрақтарыңыз болса көпарналы 1446 нөміріне хабарлассаңыздар болады.

Сайттағы респонденттерге жүргізілген сауалнаманың екі күнінің қорытындысы бойынша sanaq.gov.kz Еgov порталы және Aitu қосымшасы арқылы Павлодар облысы көш бастады. Өңірдің 16 075 тұрғыны санақ сұрақтарына онлайн-режимде жауап берді. Өңір ішінде Ақсу бірінші орында.

Ағымдағы жылғы 1-30 қазан аралығында Ұлттық санақ планшеттегі "халық санағы" мобильді қосымшасын пайдалана отырып, халыққа жаппай сауалнама жүргізу әдісімен жүргізілетін болады.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының әлеуеті
02:04, 17 қыркүйек 2021
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының әлеуеті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...