ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді

22:58, 21 қазан 2021

Облыстық Торайғыров кітапханасында әйгілі ғалым, академик Ғарифолла Есімнің «Ғұлама наме» кітабы көпшілікке таныстырылды. Шараға зиялы қауым өкілдері, әдебиеттанушы ғалымдар қатысты. Абай, Шәкәрім, Әуезов үштігінің пәлсапасы мен ғұламалық танымына негізделген еңбегі үшін автор мемлекеттік сыйлықты иеленген еді.

«Ғұлама- наме» ұлттың тамырын түгендейтін, пәлсапасына негізделген трилогия. Кітап ұзақ уақыт толғанып, ұзақ уақыт жазылған еңбек. Оқырмандарға енді жол тартып, ғылыми-пәлсапалық әдебиеттердің тізіміне келіп қосылған кітап бүгін керекулің зиялылардың қатысуымен көпшілікке таныстырылды.

Ғарифолла Есім, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері:

Абайды әрі қарай түсіндіріп кеткен Шәкәрім. Одан кейін Абайды әлемге танытып, «Абай жолы» деп жазған кемеңгер Мұхтар. Осы үшеуін біріктіріп жаздым. Бұған менің 30 жылдан аса уақытым кетті. Абай туралы, Шәкірім туралы, кемеңгер Мұхтар туралы жазған кезде өседің. Олар адамды есейтеді.

Кітап авторы, сондай-ақ, сиясы кеппеген еңбек жайлы жиналған қауым абайтану жолындағы соны еңбек деп бағалады. Ұлт тамырының кәусар тұнбалары, ұлы тұлғалары жайлы айтылған еңбектің берері де көп десті.

Бекен Сағындықұлы, Ф.Ғ.Д, профессор:

Бұл- ғылыми трилогия. Бұл бәріміздің ауызымызда, жастығымыздың астында, таңертең тұрып ата-бабаң кім екен дегенде Абай, Шәкірім, Мүхтар деп айтатын үш бабамыздың басын біріктіріп, бір дүниені ғылыми тұрғыда жетелеп, бәйгеге әкеп қосу деп түсіну керек.

Ғұламалық, данышпандық, кемеңгерлік қазаққа жат емес. Кітап атының өзі  бұны мен неге оқымасқа деген ойға жетелейді дейді зиялы қауым өкілдері.

Жанасыл Серікбол, тілші:

Абай, Шәкәрім, Мұхтар қазақтың төл мәдениеті тарихындағы бір сөйлем секілді құбылыс». Бүгін тұсауы кесіліп отырған «Ғұлама наме» кітабы абайтану, ұлттану, руханиятану арнасына келіп қосылған кезекті өзендердің бірі іспеттес.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
20:38, 2 желтоқсан 2021
«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...