ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР: СОЦИАЛ ӘЙТЕНОВ – 75 ЖАС

20:19, 15 қаңтар 2021

Киелі Кереку-Баян өңірі ағартушы, зиялы қауым өкілдеріне бай. Бірнеше ай бұрын ғана Ертіс телеарнасы өзінің 55-жылдығын атап өткен еді. Арнаның алғашқы эфирінде жұмыс істеп, павлодарлық телевизияның іргетасын қалаған жандардың да жасы кеп, ақсақал атанып жүр. Солардың бірі – арна ардагері, Қазақстанның құрметті журналисі – Социал Әйтенов.

Облыстық телеарнада қаламы қарымды журналист 30-жылдай жұмыс істеп, талай тілшіге бағыт-бағдар беріп, үлкен кәсіби жолға қойған. Қарапайым, байсалды азамат. Туғанға қамқор, досқа адал. Нағыз қазақ жігіті! Социал Әйтеновті жақындары дәл осылай сипаттайды.

Ақмарал Сағымбекова, «Ертіс» телеарнасының ардагері: 

Социал Әйтенұлы журналистиканың жілігін шағып, майын ішкен адам. Ол кісі, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық саласында жұмыс істеген. Газетте, радиода, телевидениеде. Бұл үш сала өзімен тың байланыста емес. Жазу жағы болмаса, олардың әрқайсысының орны басқа.

Социал Әйтенов 1946 жылы 16 қаңтарда Павлодар облысы, Ақсу ауданындағы Құркөл ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын туған ауылында мұғалім, 1965 жылы  Май аудандық “Шамшырақ”- “Маяк”  газетінде аудармашы,  әдеби қызметкер, 1965-1969 жылдары Киров атындағы КазМУ-інде оқып, бітіргеннен кейін Кеңес одағы Қарулы күштер қатарында офицерлік қызметте болған. Елге оралып, шаңырақ көтерген. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер, демекші, Социал ағаның ұлы Тұрлыжан Әйтенов, әке жолын басып, журналистика саласына бет алған. 

Тұрлыжан Әйтенов, Социал Әйтеновтың баласы, «Qazsport» телеарнасының арнайы жобалар редакторы:

Бала кезімізде жұмысына жиі ертіп апаратын, демек, телевидение, журналистика дегенді біз кішкентай кезімізден көріп өстік. Сондықтан болар, мен әке жолын қуып, журналист мамандығын таңдадым.

Бұқаралық ақпарат құралдары саласында өмірінің 50 жылын арнаған, өңірлік  телевизияның келбетін қалыптастыруға үлес қосып, оны ұрпаққа үйреткен, әлі де үйретіп келе жатқан ұлағатты ұстаз – Социал Әйтенов бүгінде 75-ке келеді.

Социал Әйтенов, «Ертіс» телеарнасының ардагері, қазақстанның құрметті журналисі:

65-ші жылы осы телевидение ашылғанда жүргізгем, «Жастар – жасампаз күш» тақырыпта 30 минуттық хабарды жүргізгем. 19 жасымда. Қал деп үгіттеген, бірақ ол кезде мүмкіндік болмай, ауылға газетке кетіп қалғам. Басқа да жұмыстар қабаттасып кетті. Негізі телевидениеге келген адам өзін бақытты сезінеді. Социал Әйтенұлының бұл айтулы мерейтойы бүкіл өңір үшін үлкен қуаныш. Зейнетке шыққанына бірқатар уақыт өтсе де, ол кісінің бұқарамен байланысы еш ажыраған емес. Осындай арқасында облыстық  ол журналистер Одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен, ҚР Журналистер Одағы дипломымен, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен  марапатталды. 2017 жылы оған «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағы берілді. Еңбегі бағаланып, көрермені, оқырманы мен тыңдарманы сыйлайтын қарымды қалам иегерін «Ертіс» арнасы ұжымы да құттықтайды.

 

Мөлдір ҚҰРЫМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАР ӨНЕРПАЗДАРЫ ОМБЫ ҚАЗАҚТАРЫМЕН ОНЛАЙН ЖҮЗДЕСТІ
18:26, 4 наурыз 2021
ПАВЛОДАР ӨНЕРПАЗДАРЫ ОМБЫ ҚАЗАҚТАРЫМЕН ОНЛАЙН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
18:21, 4 наурыз 2021
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
21:14, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
18:21, 4 наурыз 2021
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...