ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Геоақпараттық жүйе 13 сала бойынша қызмет

22:52, 25 мамыр 2022

Павлодар облысының Цифрлық технологиялар басқармасы 2021 - жылы аймақтық геоақпараттық жүйесін әзірлеп, іске қосты. Аталмыш жүйеде Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары бойынша бос жер учаскелері мен инженерлік коммуникациялардың электрондық карталары орналасқан.

Аймақтың геоақпараттық порталда ең әуелі өңірдегі жер қатынастарына байланысты ақпараттар шоғырланған. Дәл осы арқылы жер мәселесінде электронды қызмет түрін дамыту көзделген. Тек бұл сала ғана емес, сәулет, қала құрылысы, білім беру, денсаулық сақтау, ветеринария сияқты өзге де салалар бойынша цифрлық ақпараттар мен құжаттар көпшілікке қолжетімді болмақ.

Дархан Мырзабаев, цифрлық технологиялар басқармасының басшысы:

Жобаның басты мақсатыжергілікті халыққа Павлодар облысы бойынша электрондық карталар мен анықтамалықтарға қол жеткізуді және оны ұсынуды қамтамасыз ету. Геопорталда облыстың үш қаласының  жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, көше-жол желісі мен инженерлік желілер, бас жоспарлар және жете жоспарлау жобалары цифрлық түрде орналастырылған. Геопортал жергілікті атқарушы органдардың геоақпараттық порталына қойылатын бірыңғай талаптарға сәйкес әзірленді.

Цифрландыру ашықтық пен көлеңкелі әс-әрекеттерді азайтады. Жұмыс өнімділігде артырады дейді мамандар. Спикер геопортал жұмысының нәтижесінде өніділік 40 пайызға артқанын да атап өтті.

Дархан Мырзабаев, цифрлық технологиялар басқармасының басшысы:

Геоақпараттық жүйе бірыңғай талаптарға сәйкес 49 қабаттан тұрады. Бұл электрондық карталар "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" жобасын жасау шеңберінде жария кадастрлық карталар үшін және жер қатынастары саласында электрондық форматта қызметтер көрсету үшін негіз болып табылады.

Осы уақытқа дейін геопаорталға 11500 ден встам өтінім келіптүскен. Алдағы уақытта аудандар мен елдімекендер бойынша цифрлық қзыметті де портал аясынада әзірлеу жоспарлануда.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар