ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Газ баллоны қолданылатын тамақтану орындары тексерілді

18:38, 20 қаңтар 2022

Павлодардағы кейбір көпшілік тамақтанатын орындарда газ баллондары әлі де пайдаланылады. Осы ретте бүгін төтеншеліктер кафелер мен асханаларға жоспарға сәйкес тексеріс жүргізді. Сондай-ақ, бизнес иелеріне газ баллонын дұрыс қолдану, орналастыру және сақтау бойынша да ақпарат жеткізді.

Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы әкімдікпен бірлесіп  алдын алу шарасын өткізді. Жол бойындағы тамақтану орындарындағы газ баллондары тексерілді. Кәсіп иелеріне қосымша ақпарат жазылған жадынамалар таратылды. Павлодар қаласындағы тамақтану орындары осыған дейін тексерілген.  Кәсіпкерлер жағдайды түсініп,  газды плиталарын электрге  ауыстырған. Осы жолы төтеншеліктер мен қалалық әкімдік қызметкерлері шаһар сыртындағы, жол бойындағы тамақтану орындарын қарауға шыққан.  

Тлекжан Галямов, ТЖБ бастығының орынбасары:

Рейд барысында жол бойындағы тамақтану орындарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. жалпы 20 ға жуық кафеге кіріп, арнайы жадынама беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Рейдтің басты мақсаты жол бойындағы тамақтару орталықтарында тқауіпсіздік шараларын сақтау. Кәсіпкерлер түсіндіру жұмыстары қауіпсіздік шараларды сақтау.

Айта кетейік,  мемлекет басшысының тапсырмасымен шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий енгізілген еді. Соған сәйкес, қазір тек профилактикалық, рейдтік шаралар жүргізіледі.

Асылбек Жұмабеков, тұрғын үй инспекциясының сектор меңгерушісі:

Қазіргі таңда шағын бизнесті тексеруге мораторий енгізілді. Біз бүгін кафелерге келіп профилактикалық мақсатта газ баллондарын тексердік, жадынамаларды тараттық.

Төтеншеліктер қауіпсіздік шаралары туралы ғана емес, газ баллондарын тасымалдаушылармен келісімшартқа отыру туралы да айтты. Одан бөлек, газ баллондарын сақтайтын орын да қауіпсіз болғаны маңызды екенін ескертті.  

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Белсенді өмір сүру орталығының есеп беру концерті өтті
09:27, 6 шілде 2022
Белсенді өмір сүру орталығының есеп беру концерті өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...