ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Galo therapy

16:50, 2 желтоқсан 2021

Соңғы жылдары тұз шахтасында ем жүргізу ел ішінде үлкен сұранысқа ие болып отар. Әсіресе, Павлодар облысындағы мұндай мекемелерде орын тапшы. Железин ауданының тұрғындары да әлемдік тенденциядан қалыспау үшін тұз үңгірін ашыпты.

Қазіргі таңда кәсіп ашамын дейтіндерге мемлекет тарапынан қолдау көп. Тіпті, сан алуан бағдарламалар да жұмыс істейді. Железин ауданының тұрғындары сәрсенбаевтар отбасы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының әлеуметін көріп отырғандардың бірі. Осының арқасында аудан орталығынан бірнеше кәсіп көзінт ашқан. Бірақ, карантиндік шектеулерге байланысты істің біразын тоқтатуға тура келіпті. Оның орынына тұз шахтасын ашқан.

Анна Сәрсенбаева, кәсіпкер:

Бұл бөлменің ерекшелігі – адамның тыныс алу жолдарын қалыпқа келтіреді. Астма, бронхитпен ауыратын адамдарға арналған. Әсіресе, бала бақшаға алғаш рет баратын балалардың иммунитетін көтереді. Тіпті короновируспен ауырған адамдар көп келетін болды. себебі, өздеріңіз білесізде, ковид кезінде ең бірінші өкпеген зақым келеді ғой.

Мұндай гало-бөлменің жабдықтау үшін 1,5 тонна тұз қажет еткен. Шикізатты жергілікті тұз өндіруші кәсіпорын "Павлодар тұз" мекемесінен сатып алыпты. Ал рәсімдеумен алматылық мамандар айналысты. Сәрсенбаевтар жақында ғана ашылса да, оларға келушілердің қарасы қалың. Тіпті жергілікті аурухананың дәрігерлері науқастарды сауықтыруға жібереді екен.

Анна Сәрсенбаева, кәсіпкер:

Емделу курсын күн сайын, немесе ек күнде бір рет жасап тұру керек. Мүмкіндігінше арасында үзіліс болмау керек. Жалпы бір сеанс 40 минутқа созылады. Ал, балаларға 30 минут та жеткілікті. Бір жасқа дейінгі балаларды тек дәрігердің анықтамасы арқылы ғана қабылдаймыз.

Жалпы бұл жерде тек иммунитетті қалыпқа келтіруден бөлек, жай ғана демалуға болады. Балаларға арналған бұрышы да бар. сонымен қатар, тұзбен сурет салуға арналған үстел де орнатылыпты.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Раиса Моргунова

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
11:05, 21 қаңтар 2022
Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
Толығырақ...