ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Фермерлік базар ашылады

09:15, 6 шілде 2022

Бүгінде өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы делдалдардың дәурені жүріп тұр. Олар өнімнің бағасын бірден өсіріп, соның есебінен табысын еселеуді ойлайды. Қыркүйек айында облыс орталығында фермерлек базар іске қосылады. Онда өнім егістіктен тікелей сауда сөрелеріне жеткізілмек.

Өндірушіден тікелей тұтынушыға түсетін сауда орны Торговая-Космонавтов көшелерінің қиылысында орналасады. Фермерлік базардың жалпы ауданы - 1 мың шаршы метр. Мұнда тұрақтандыру қорының өнімдерін сақтайтын қойма, базар ішіндегі 100 сауда орны мен ашық аспан астында саяжай өнімдерін сатуға арналған 100 павильон болады. Жобаның жалпы құны - 839 млн теңгеден асады.

Қанат Әбдуәлиев, азық-түлікті қамтамасыз ету департаментінің директоры:

Бүгінгі күні металл құрылыстарын салып жатыр. Сонымен қоса, 1000 шаршы метр қойма болады. Онда 190 шаршы метрлік тоңазытқыштар болады. Онда етті, жеміс-жидекті сақтауды жоспарлап отырмыз.

Тұрғындар мұндай сауда орнының керек екені туралы айтып жүргелі бірнеше жылдың жүзі болды. Себебі әр сенбі сайын орталық базарда ұйымдастырылатын ауылшаруашылық жәрмеңкесі тұтынушылардың барлығын сапалы әрі арзан тауармен қамтуға қауқары жетпейді.

Қанат Әбдуәлиев, азық-түлікті қамтамасыз ету департаментінің директоры:

Жоспар бойынша мұнда ауыл шаруашылығы өндірушілер өз өнімін сатады. Алты күн жұмыс істейді, бір күн демалады. Сонымен қатар, осында жүк көліктері өздерінің борттарында сатады деп жоспарлап отырмыз. Еліміздің оңтүстік аймағынан жеміс жидек, азық-түлік сатады. Мұнда зертхана жұмыс істейді. Рұқсат бергеннен кейін бірақ өнім сатылады.

Сонымен қатар, қала шетінде орналасқан фермерлік базар су, жылу, электр, кәріз және байланыс жүйелері сынды қажеттінің барлығымен қамтылады.

Қанат Әбдуәлиев, азық-түлікті қамтамасыз ету департаментінің директоры:

Бүгінгі күні біз қалалық және аудандық әкімдерге хат жолдадық. Сол хат бойынша жергілікті әкімдік ауыл шаруашылығы өнімдерін өздері таңдайды. Солармен жұмыс істеп отырмыз. Мұнда біздің мақсатымыз қандай? Коммерциялық баға емес, шаруалар өз өнімдерін өздері әкеліп сатуды жоспарлаймыз. Облыс тұрғындарына сату.

Қазір базарға трамваймен жетуге болады. Алдағы уақытта автобус бағытын іске қосу жоспарланып отыр.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...