ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Әзірге карантиндік шектеулер енгізілмейді

17:36, 4 шілде 2022

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Бірақ әзір карантиндік шектеулер енгізу мәселесі туындаған жоқ. Өткен тәулікте 158 адам коронавирус жұқтырды. Індет жұқтырғандар елорда мен Алматыда көп тіркелді. Павлодар облысындағы ахуалды тілшіміз айтып берсін.

Аймақта жыл басынан бері 20 586 адам коронавирус жұқтырған. Өткен тәулікте бір адамнан індет анықталды.

Гүлмира Құлмағамбетова, санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Біз жаз мезгілінде індет өршуі мүмкін деген болжам айтып едік. Әсіресе, маусым-шілде айларында. Өйткені қазір көп адамдар демалысқа шықты. Олар шетелге, басқа қалаларға көп барады. Сондай-ақ, вирус жұқтырушылардың дені – шамамен 80 пайызы вакцина алмаған азаматтар немесе соңғы екпеден кейін 6 ай өтіп кеткен адамдар. 

Еліміздің ірі қалалары Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында індет өршіп тұр. Эпидемиологиялық қауіп-қатердің сары деңгейі енгізілген жағдайда елде бірқатар шара қабылданады.

Гүлмира Құлмағамбетова, санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру, COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру, жабық жерлер мен қоғамдық көлікте маска тағу, 10-нан астам адам қатысатын жиынды онлайн форматта өткізу. Бұл туралы індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды.

Эпидахуалға қарамастан әуеде, поездар мен халықаралық автобустарда маска тағу ұсынылады. Елде өткен аптамен салыстырғанда ковид жұқтырғандар саны 2,9 есеге артқан. 

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
17:39, 8 тамыз 2022
Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...