ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Әуеден өңдеу жұмыстары басталды

22:31, 3 мамыр 2022

Шыбын шіркей шықпай тұрып, мамандар дернәсілдерімен күресті бастап кетті. Фенологиялық зерттеу жұмыстары аяқталғандықтан әуеден өңдеу жұмыстар кешеден бері жүргізілуде. Алғашқы күнде 5 мың гектар аумақ ұшақпен өңделді. Ғылыми топтың өкілдері жұмыстар нәтижелі болады деп сеніп отыр.

Шыбын шіркейдің дернәсілдерімен күрес қызу. Ғылыми топтың ұсынысы бойынша 27 мың гектар аумақ арнайы препаратпен өңделеді. Ұшақ таңғы 5-те аспанға көтеріліп, күні бойы 20-ға тарта ұшу жасайды.  Бір ұшқанда мына әуе көлігі 1200 литр ерітіндіні су қоймаларына шашады.

Мақпал Лепесова, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстарын пайдалану басқармасының бөлім басшысы:

Биыл бізде биологиялық препарат 63 мың лит суспензия дайындалды.Сонымен қатар, Новосібірден техникалық мамандарында шақыртқан едік. 30 сәуір аралығында дайындалған болатын.

Айта кетейік, ұшақ Ленин кенті мен Кенжекөл аумағынан көкке көтеріледі. Сол жерден ерітінді мен жанар-жағармай  құйып алады. Алғашқы екі күнде  ұшақтың көмегімен 5  мың гектардан астам аумақ өңделді.

Улау жұмыстары әуе,  өзен, барьерлік үш кезеңнен тұрады. Әуеден өңдеу жұмыстары аяқталған соң, барьерлік улау басталады.  Бұған 2300 литр көлемінде химиялық препарат дайындалған.

Дәулет Ибраев, ғылыми топтың өкілі:

Өткен жылдармен салыстырғанда биыл су ертерек келді. Күн де салқын болып, соған сәйкес дернәсілдер өте баяу дамиды. Қазір барлық күшімізді салып өңдеп жатырмыз. Болжам жасайтын болсақ, шыбын шіркей мүлдем болмайды деп айта алмаймыз. Себебі, қолжетімсіз жайылымды жерлер бар, оларды біз өңдей алмаймыз.

Ғылыми топтың өкілдері дернәсілдер былтырғыдай көлемде екенін айтты. Бірақ ерте басталған жұмыстар өз нәтижесін беретініне сеніп отыр.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар