ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Ет бағасына мониторинг

20:06, 29 шілде 2021

Әлеуметтік желілерде ет бағасының қымбаттағаны туралы ақпараттар желдей еседі. Осы ретте арна тілшілері шағын зерттеу жұмыстарын өткізді. Дүкен сөрелеріндегі еттің бағасы қандай? Бұл туралы мамандар не дейді? Зұлқарнай Ермұратұлы тарқатады.

Сиыр еті мен тауық еті әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қатарына жатады. Бірақ, соңғы кездері бағаны тұрақтандыру жұмысы оң нәтиже берер емес. Әлеуметтік желілердің бірінде бағаның қымбаттағаны туралы ақпарат тарап кетті. Мамандар облыс бойынша әзірге ондай өзгерістер жоқтығын алға тартады.

Нұржан Әбішев, қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің инспекторы:

Қазіргі таңда сиыр етінің бағасы әлеуметтік дүкендерде 1800-бен 2000 мыңгенің аралығында саудаланады. Ал, жылқы етінің бір келісі 2300 бен 2500 теңгенің аралығында. Айта кету керек, жылқы еті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарына жатпайды.

Иә, әлеуметтік дүкендерде бағаның қымбаттағаны байқалмайды. Ал, базардағы баға 200-300 теңгеге жоғары. Тіпті, тұрғындардың өзі қазіргі бағаға көңіліміз толады,-дейді.

Гүлнұр Бейсенбайқызы, қала тұрғыны:

Вообще бағасы жақсы. Круговой дегенде аса сүйегі жоқ. Қазір алдым 15 мыңға. Жақсы ет. Прям ұнады маған. Сол енді, алуға болады. Қымбат емес.

Қазіргі уақытта Павлодар қаласында 36 әлеуметтік дүкен бар. оның 10-да ет сөрелері орналасқан. Мамандар аптасына бір рет теусеру жұмыстарын жүргізіп тұрады. Алдағы уақытта сауда орындарының саны артуы мүмкін. Себебі, сұранысқа сай тағы 30 нүктен іске қосу жоспарланып отыр. сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар тауар түрін делделсыз тасымалдайтын шаруа қожалықтарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр,-дейді жауаптылар.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының әлеуеті
02:04, 17 қыркүйек 2021
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының әлеуеті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...