ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Ескі үйдің тұрғындары әкімдіктен көмек сұрайды

10:36, 14 қазан 2021

Циолковский 19 бөлшек 1 мекенжайындағы ескі үйдің тұрғындары әкімдіктен көмек сұрайды. Айтуларынша, осыдан үш жыл бұрын жаңа үйге көшулері керек болған екен. Алайда, әлі күнге дейін тиісті баспанаға қолдары жетпей, қирауға шақ тұрған үйде күнелтуге мәжбүр екендіктерін айтады.

Өткен ғасырдың орта шенінде салынған мына үйде 8 отбасы тұрып жатыр. Жағдайы м үмшкіл үйде осынша отбасы күнелтуде.  Олардың 14-і балалар. Араларында екінші топтағы мүгедек те бар. Бұл үйдің тұрғындары 2019 жылы жаңа үйге көшеуі керек болған екен. Алайда, әлі күнге дейін тиісті баспаналарына қол жеткізе алмадық дейді.

Елена Смирнова, қала тұрғыны:

Бізді мүлдем ұмытып кетті. Бізге тек күте тұрыңдар, үй салынсын деумен келеді. Одан бері міне үш жыл өтті. 2019 жылы барлық коммуникациялық жүйені үзіп тастады. Қазіәргі уақытта құбыр жұмыс істемейді. Күй сайын арнайы машинамен тазартып отыруға мәжбүрміз. Қыста да, жазда да солай тұрып жатырмыз. 00:53 зимой и летом 40 градусным жару.

Тұрғындар бұл үйге жөндеу жұмыстарын өз қолымен жасайды. Шатырдан су ағып, жарық өшіп, ауланы су алып кеткен жағдайда да бізге ешкім қарайласқан жоқ дейді. Жөндеу көрмеген үйдің қабырғалары ескіріп, іргелері мен төбесі дымқылданып кеткен.

Ольга Гришна, қала тұрғыны:

Ылғалдан гипскордан бүлінген. Мына пәтерде жарық қосылайды. Өйткені электр желісіне су тиген. Міне осындай авариялық жағдайдағы пәтерлер де бар бұл үйде.

Қала әкімдігі болса Сарыарқа шағын ауданындағы ескі үйлерді бұзу жұмыстары әлі де жалғасып жатқандығын айтады. Барлығы жоспар бойынша дейді.

Жансерік Қабзолла, Павлодар қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің бас маманы:

Циолковский 19/1 мекенжайы бойынша орналасқан үйді бұзу жұмыстары 2022 жылдың жоспарында тұр. Бұған дейін аталған үйдің тұрғыфндарымен кездесулер өткізіліп, тұрғындар ағымдағы жылы өз үйлерінде қалу туралы шешемі қабылданған болатын.

Қыс жақындап, сары аяздың уақыты да келе жатыр. Ал, тұрғындар болса оған дейін мәселеміз шешілсе құба-құп болар еді, біз де осы елдің азаматымыз деген тілектерін жеткізді.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
22:58, 21 қазан 2021
«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...