ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

11:28, 6 мамыр 2020

Төрт жылға созылған сол бір соғысқа Қазақ жерінен 1 млн-ға жуық адам аттанып, оның 600 мыңнан астамы қайта оралмады. Ал, елге келіп, еңбек еткен жандардың қатарында Успен ауданының тумасы Сыздық Бутаев та бар.

Сыздық Бутаев – 1914 жылы бұрынғы Павлодар облысы Лозов ауданына қарасты №7 ауылда қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Мемлекеттік тілде білім беретін 6 жылдық мектепті тәмамдап, 1932 жылы Сталинск қаласына қоныс аударады. 1932-1938 жылдар аралығында тау қызметі Коммуналдық басқармасында қызметте болған. Кейін, Риддер қаласына ат басын тірейді. 1939 жылы Лозов қазіргі Успен ауданына қайта оралып, ауылшаруашылығына деп қойған.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

1941 жылы «соғыс басталды» деп Мәскеуден шыққан ащы дауыс бұл ауданды да айналып өтпеген. Сыздық Бутаев 1941 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылады. Мәскеу түбіндегі шайқаста оқ тиіп жараланып, 1942 жылдың 20 ақпанына дейін №3776-шы госпитальде болған. Емделіп шаққаннан кейін Украин майданында байланыс батальонының 133-ші бөлімшесі құрамында телефоншы шенінде әскери борышын жалғастырады. Қызыл әскер қатарындағы қызметі 1945 жылға дейін созылады.

Сол жылдың қыркүйегінде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен елге оралған. Сұрапыл соғыстан кейін Успен ауданының экономикасына өлшеусіз үлес қосты. Тіпті, Равнополь ауылының әкімі болып сайланған.  «Қызыл Жұлдыз» орденімен, Отан қорғаудағы ерлігі үшін медальдарымен марапатталған. Сонымен қатар, «Жер қойнауын нәтижелі игергені үшін», «Еңбек ардагері» және ауылшаруашылығында жеткен жетістігі үшін кіші күміс медальін кеудеге таққан. Бүгінде артында қалған ұрпағы аталарының ерлігін әрқашан мақтан тұтады.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
20:30, 9 тамыз 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...