ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

11:24, 6 мамыр 2020

Сұрапыл соғыста Отанын жаудан қорғаған жандардың бірі – Қабыкен Сәрсембаев. Оның жауынгерлік жолы Сталинград түбіндегі шайқаста басталып Кеңес-Жапон соғысында аяқталды. Елге оралған соң, тың игеру науқанына қатысты.

Қабыкен Сәрсембаев 1919 жылы Новосібір облысында Қарасуық ауданы Стекляное ауылында дүниеге келді. 1936-1939 жылдары Павлодар педагогикалық училещесін тәмамдады. 21 жасында Қызыл әскер қатарына шақырылды. Қабыкен Мұхамедқалиұлы екіншідүниежүзілік соғыс жылдары Сталинград қаласында шайқаста болып, кейін Батыс майданына жіберілді. Сонымен қатар, Жапон соғысына қатысып, елді жаудан қорғады. Майдангердің немерелері ата ерлігін мақтан тұтып өлең жолдарымен еске алады. 

Мансұр Сәрсембаев, майдангер Қабыкен Сәрсембаевтың немересі:

Жеңіс туы желбіреген кездерде,

Қуаныштың жасы үйірілген көздерге.

Отан үшін отқа түскен аянбай,

Батырлықтың рухы мұра біздерге.

Асхат Сәрсембаев, майдангер Қабыкен Сәрсембаевтың немересі:

Ұлы Жеңіс тарихтада жырланған,

Тебіренер еске алса әр халық.

75 жылдық мерей тойы жеңістің

Ардагерлер рухына бағыштайық!

Қабыкен Мұхамедқалиұлы 1947 жылы Жапон соғысынан кейін елге оралып, ширек ғасыр ағартушылық салада еңбек етті. Ұлағатты ұрпаағын өсіре білген майдангер 1996 жылы 80-ге қараған жасында қайтыс болды. Тірі болғанда 5- мамырда 101 жасқа толар еді.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар