ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

11:19, 6 мамыр 2020

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына 4- күн ғана қалды. Сұм соғыстың салқыны барлық отбасыны айналып өтпеді десек артық айтқандық емес. Біреулер әкесін жоқтап қалса, енді біреу жалғызынан айырылып қалды. Тірі қалғандарының көбі жараланып елге оралды. Павлодар облысынан аттанған жауынгерлердің бірі Жағыпар Мұхамедияров.

Жағыпар Мұхамедияров 1917 жылы Ақсу ауылдық аймағына қарасты Құркөл ауылында дүниеге келген. 1939 жылы қызыл әскер қатарына шақырылып, азаматтық борышын өтеген бозбала, 1941 жыл сол жақта қалып, 1942 жылы Украинаға ұрыс даласына аттанады.

Қайырбек Мұхамедияров, майдангер Ж. Мұхамедияровтың ұлы:

Сол Украинада бұл кісі мына Днепрді көшу, Селезияны босаты, Будапешт. Содан Берлінге дейін барып, 9 майды Бенрлинде қарсы алады, Бұл кісі 1945 жылы соғысып біткеннен кейін, бір жыл Будапештте ұстайды. Содан кейін, 46-ның маусым айында елге қайтады.

Сұрапыл соғысқа бір шаңырақтың екі ұлы аттанды. Жағыпар Мухамедияровтың 1922 жылы дүниеге келген інісі Мұзафар да соғыста болған. Өкінішке қарай, Харьков қаласының маңында ерлікпен жан тапсырады. Соғыс жылдарын көзімен көрген Күлпат ананың жүрегінен сұрапыл жылдардың зары әлі де кетпейді.

Күлпәт Мұхамедиярова, майдангер Ж. Мұхамедияровтың жары:

Соғысқа әкетіп жатқан балалардың біреудің жалғызын, бір үйден екуі үшеу әкетіп жатқан, сол кездегі жесір әйелдердің зарлауы, жетім баланың шулаған жылауы. Көз жастарны әбдән сол кезде көріп, 15-16 ды әжептәуір ақыл-ойымыз келіп қалған кезіміз ғой. Соның ішінде көзбен көріп, кімнен қандай балалар кетті соғысқа, қайссы келді, қайссы келмей қалды. Бәрі әлі күнге шейін ойымда соның бәрі.

Бүгінгі бейбіт заман сол сұрапыл майданда жан берген батырларымыздың арқасы. Жағыпар Мұхамедияров 1946 жылы Күлпат апамызбен жанұя құрып бақытты ғұмыр кешеді. Дүниеге 7 сәби әкеліп, немере, шөбере сүйді.  

Қайырбек Мұхамедияров, майдангер Ж. Мұхамедияровтың ұлы:

Біздің шешеймен үйленгеннен кейін, саласында қызмет жасайды. Мына Жолқұдық ауылында совхоз рабкоптың төрағасы болады. Павлодарда қызмет атқарады.

Жағыпар Мұхамедияров, «ҰОС-ның І дәрежелі» орденімен, «Қызыл Жұлдыз» орденімен «Берлинді алғаны үшін» медалімен, «Әскери еңбегі» және Жеңістің мерейтойлық медалдерімен марапатталған. 1990 жылы фәниден бақиға аттанды. Баба ерлігін ұрпағы ұмытпайды.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар