ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЕРЖҮРЕК ӘЙЕЛ ӘСИЯ ҚАЙЫРГЕЛДИНА

18:22, 4 наурыз 2021

Нәзік жанды әйелдер қауымы таңқалдырудан жалықпайды. Олардың көбінің атқаратын жұмысы оңай емес. Мұның бір дәлелі бүгінгі кейіпкеріміз Әсия Қайыргелдина. Ол өмір бойы тракторшы болып жұмыс істеген.

Әсия Қайыргелдина 72 жаста, Жолдасы Александр Бедеревпен Павлодар ауданы, Новочерноярка ауылында тұрады. Олар бірге 40 жыл отасып келеді. Әсия Биляловна 1967 жылы Михайловский ауыл шаруашылық техникалық училищені «Жалпы машинист-тракторшы» мамандығы бойынша бітірген. Кейін Озерный совхозында жұмысқа кірісіпті. Бұл жұмыс неліктен қызықтырды деген сұраққа былай жауап берді.

Әсия Қайыргелдина, Павлодар ауданы, Новочерноярка ауылының тұрғыны:

Білмеймін. Өзім техникаға жақын болдым. Біздің совхозда қой шаруашылығы болды. Бәрақ мен оған қызққан жоқпын. Маған техника қызық болды.

1969 жылы Әсия Қайыргелдина 12-ші шақырылған жұмысшылар депутаттарының Павлодар облыстық кеңесіне мүше атанды. Осы кезден бастап оның әлеуметтік өмірі басталды. 3 жылдан кейін атқарған ауқымды жұмысы үшін Ленин орденімен марапатталды. Ал, 1975 жылы оған 100 мыңыншы атаулы трактор тапсырылды.

Әсия Қайыргелдина, Павлодар ауданы, Новочерноярка ауылының тұрғыны:

100 мыңынша трактордың мен үшін ешқандай маңызы болмады. Мені бірінші трауторым алаңдататын. Өйткені трактор зауыты ең бірінші шығарған техниканы маған берді. Мен осы тракторды көргенде қуанышымда шек болған жоқ. Енді 3-4 жыл бойы ескі траутормен дұмыс істедім ғой.

Асия Биляловна КОКП-ның 25-съезіне, Қазақстан комсомолының 12-13 съездеріне, Жеміс-көкөніс шаруашылығы мен дайындық қызметкерлері жұмысшылар кәсіподағының 1-съезінде делегат болды. Әлеуметтік жұмыста ол қарым-қатынасты бағалаған.

Әсия Қайыргелдина, Павлодар ауданы, Новочерноярка ауылының тұрғыны:

Көрдің бе адамдар қазір қалай өмір сүреді? қыздардың қалай киінетінін көрдің бе? Ал мен ер адамдар мен ауылда тұрамын.

Бүгінде кейуана өткенін сағынышпен еске алады. Өйткені оған жұмыс істеген ұнайтын. Ол өз қызметіне әрқашан адал болды.

 

Гаухар Мұса, Ринат Абдулкаюмов

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...